1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау



бет5/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

32. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.
Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіләміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық
мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты
олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір
орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына
алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.
Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,
мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды
қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14
тамыздағы “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы бұл
құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз
жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. Сталинизм - КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі. II дүниежүзілік соғыстан кейін Сталинизм Кеңес одағынан қысымшылық көрген басқа елдерде де қалыптасты.
Сталинизмге тән белгілер:
• экономикалық салада - жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату;
• әлеуметтік салада - тұрғындардың басым көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмен болуы, тікелей емес қанауға негізделген әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы;
• саяси салада - іс-жүзінде демократияның болмауы, тоталитарлық мемлекеттік лаңкестік жүйесін орнату, жетекші мемлекеттік органдарға демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін саяси тетіктердің болмауы;
7.Сталинизмге тән белгілер:
• ұлттық қатынастар саласында - ұлыдержавалық шовинизмнің оянуы, КСРО-да іс-жүзінде унитарлық мемлекеттік биліктің орнауы;
• рухани салада - мәдени сан алуандылықты жою, әлеуметтік шығармашылық бостандыққа жол бермеу, жеке басқа табынушылықты орнату;
• идеологиялық салада - әлеуметтік демагогия;
•саяси теория саласында - Сталинизм ешқандай жаңа теорияны қалыптастырған жоқ, тек социализмнің жеке бір елде жеңуі және оны құру барысында таптық күрестің күшейетіндігі туралы теорияны негіздеді. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін, КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде Сталинизм жаппай лаңкестік пен жеке басқа табынушылық сияқты салдарлары жойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет