1 билет педагогика пәні, оның атқаратын қызметі. Педагогиканың негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент



бет3/4
Дата09.06.2023
өлшемі61,86 Kb.
#99938
1   2   3   4
Экстероцептік түйсiктер тобы:

  1. Түйiсу түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады.

  2. Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүшелерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есiту жəне көру түйсiктерi.

Генетикалық жіктеу


Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық өте қарапайым, шарпулы (аффекттi), толық жiктелiп, мекенделмеген органикалық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себепсалдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.
Түйсіктің дамуы.
Түйсікті дамыту және қалыптастыру.
Балаларда түйсіктер дүние келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Бұлар баланың дәм түйсігінің ерте дамитындығын көрсетеді. Баланың есту түйсігі де біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суғак толы болады да ештеңені естпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елемесе, оның саңырау болып қалуы ықтимал. Үш айлық бала анасының даусын тани бастайды. 2-3 айдан кейін бала жарыққа елеңдей бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тұрақтатуға тырысады. Жарықты түйсінуді жаңа туған нәрестелерден де байқауға болады. Заттың түсін айыру кейін пайда болады. 5 айлық бала алдымен заттың түріне, түсіне, , біртіндеп көлеміне, одан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы ,оның жүре бастауы – түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке барғаннан кейін балада түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипап сезу, қозғалыс.т.б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да қаласақ жетілдіруге болады. Адам егер алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және соған жетуге жаттығатын болса, оның түйсігі ойдағыдай дами түседі. Түйсік адамның іс-әрекетіне байланысты дамитындығын көптеген мамандықтардың тәжірибелері сипаттайды. Мәселен, ұшқыштың көзі өткір, көргіш болады, композиторлар мен шекарашылар естігіш, сақ құлақ болса, шарап жасаушылар мен тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері дәмді татып білуге шебер келеді. Мектеп оқушыларының түйсіктерін де жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Бұл үшін оқушылардың оқу әрекеті белсенді, шығармашылық, қызықты ұйымдастырылуы керек. Түйсіктің дамуына кері әсер ететін факторлар да бар: бала партада дұрыс отыра алмайтын болса, отырғанда, жазғанда қисайып жазатын болса
оның көру қабілеті нашарлайды.
Ана тілі, көркем жазу, ауызша сөйлеуге жаттығу балалардың фонематикалық (дыбыстардың айырмашылығын ести алу) түйсіктерді дамытады. Мәселен, төменгі класс оқушысы көпке дейін дыбыстарды бір-бірінен айыра алмайды, жазу дағдыларын бірден қалыптастыра алмайды. Көп қайталау нәтижесінде жаттығып, кейін айыра алатын болады.

2 БИЛЕТ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет