Түйсік түрлері Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан. Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20дан астам түрлi талдағыштар бары белгiлi. А.Р.Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелiгенетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.
Түйсiктердiң ең iрi жəне маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған:
Интероцептiк,
Проприоцептiк,
Экстероцептiк.
Интероцептiк түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлерден əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiлкүй (эмоциональ) қалпына жақындау келедi.
Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк (афференттiк) негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi (перифериялық) рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини). Осы жүйкелiк тəндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсiктердi бейнелейдi. Аталған топқа, сонымен бiрге, ерекше қасиеттерге ие теңдестiк жəне тұрақтылық түйсiктерi де кiредi. Олардың перифериялық рецепторлары iшкi құлақтың (внутреннее ухо) шеңберлi сайларында жайласқан.
Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық (дистантные) жəне түйiсу (контактные) түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.