«3» - дұрыс сақталмаса ауада өзінен-өзі жанады
«4» - оңай оталғыш сұйық заттар
«5» - оңай оталғыш қатты заттар
«6» - оталғыш реактивтер
«7» - физиологиялық секемшіл заттар
«8» - қауіптілігі шамалы қауіпсіз заттар
Реактивтерді сақтауды топтау
Р/с
|
Топтағы заттарға жалпы сипаттама
|
Тептік тізбегі заттар
|
Мектепте сақтау шарты
|
1
|
Жарылғыш заттар
|
Типтік тізбеде көрсетілген
|
Мектепке еңгізуге тыйым салынған
|
2
|
Суға тисе атылғыш заттар
|
Li, Na,Ca,CaC2
|
Құлыптаулы шкаф.
|
3
|
Дұрыс сақталмаса ауада өзінен- өзі жанады
|
Типтік тізбеде көрсетілген
|
|
4
|
Оңай атылғыш сұйықтық
|
Диэтил эфир, ацетон, бензол, этилді спирт, толуол,циклогексан
|
Металды жәшікте
|
5
|
Оталғыш қатты заттар
|
S, Р т.б.
|
Құлыптаулы шкафта бөлек сақталады.
|
6
|
Физиологиялық аса секемшіл заттар
|
Br2, J2, BaO, CuO, PbO, Ba,Na, BuСL2
|
Сейфте, металды жәшікте
|
Медикаменттер тізбесі
|
р/с
|
Дәрінің атауы
|
Пайдалану себебі
|
Пайдаланатын мөлшері
|
|
1
|
Активтелген көмір карболен
|
Улы затпен уланғанда
|
10 ас қасық суға езілген 4-5 таблетка ішкізу
|
|
2
|
Аммиактың 10 % ерітіндісі
|
Естен танғанда
|
Мұрынға апарып иіскетеді.
|
|
3
|
Альбуцид
(Na2S О4) 30%
|
Көзге әсер еткенде
|
Көзді жуғаннан кейін 2-3 мл тамызады
|
|
4
|
Этил спирт (С2 Н5 ОН)
|
Тері күйгенде
|
30-50 мл күйген жерді өңдейді.
|
|
5
|
NaHCO3 2% ерітіндісі
|
Қышқыл теріні зақымданғанда
|
200-250 мл қышқыл тиген жерді тазартады.
|
|
6
|
Бор қышқылының 2% ерітіндісі
|
Денеге сілті тигенде
|
Сілті тамған жерді тазартады.
|
|
7
|
Пипетка
|
Көз ауырғанда
|
3 дана
|
8
|
Мақта, бинт
|
Орауға
|
1 дана
|
9
|
Таңғыш
|
Таңуға
|
1 дана
|
8.4А «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» (8 сынып).
№.7 Зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу»
Реактивтер: тұз қышқылы, күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, күміс нитраты, барий хлориді, натрий карбонаты, фенолфталеин ерітінділері, мырыш, мыс, мыс (II) оксиді, әмбебап индикатор қағазы (лакмус немесе метилоранж).
Құрал-жабдықтар: сынауық, сынауық тұрғысы, сынауық ұстағыш, қыздырғыш аспап, сіріңке, қалақша.
1 тәжірбие -Қышқыл ерітінділерінің ортасын анықтау. Сынауыққа аздап тұз қышқылын (немесе күкірт қышқылын) құйып, 2-3 тамшы метилоранж немесе лакмус тамызыңдар (әмбебап индикатор қағазын пайдаланыңдар). Жасаған тәжірибелердегі бақылауларыңды жазып, тиісті реакция теңдеулерін құрастырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
Қышқыл ортада Метилоранж қызыл түске енеді.
2 тәжірбие -Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі Екі сынауыққа тұз қышқылын (немесе күкірт қышқылын) құйыңдар.Біріншісіне мырыш түйіршіктерін, ал екіншісіне мыс сымдарын салыңдар. Жасаған тәжірибелердегі бақылауларыңды жазып, тиісті реакция теңдеулерін құрастырыңдар. Қорытынды жасаңдар.
3 тәжірбие - Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі. Екі сынауыққа тұз қышқылының (немесе күкірт қышқылының) ерітіндісін құйып, үстіне қалақшаның ұшымен қара түсті мыс (II) оксидінің ұнтағын салыңдар. 5- мин 3 минут ұстатқышқа бекітіп, мұқият қыздырыңдар. Жасаған тәжірибелердегі бақылауларыңды жазып, тиісті реакция теңдеулерін құрастырыңдар. Қорытыңды жасаңдар.
4 тәжірбие - Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі Сынауыққа натрий карбонатының ерітіндісін құйып, оған тұз қышқылының (немесе күкірт қышқылының) ерітіндісін қосыңдар. Сынауыққа тұз қышқылының ерітіндісін құйып, оған 1-2 тамшы күміс нитратын тамызыңдар. Жасаған тәжірибелердегі бақылауларыңды жазып, тиісті реакция теңдеулерін құрастырыңдар. Қорытыңды жасаңдар
Тапсырмалар а) Берілген қосылыстардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар: HCl, H2O, KCl, H2SO4 , Ba(OH) 2 , H3PO4 , NaCl.
в) Химиялық реакциялар теңдеуін аяқтаңдар және түзілген заттарды атаңдар.
Ba(OH)2 + H2CO3 = Li + H2SO3 = ZnO + H3PO4 =
с). Массасы 240 грамм күкірттің оксиді (VI) реакцияға түссе, күкірт қышқылының қанша массасы түзіледі.
оқушылар қосылыстардың атауы мен анықтамасын сәйкестендіріп, анықтамасын дәптерге жазу керек.
Қышқыл
|
Құрамында металл атомдарына ауыса алатын бір сутек атомы және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі зат
|
Оксид
|
Екі элементтен тұратын,оның біреуі оттек болатын күрделі зат
|
Негіз
|
Металл атомынан және бір немесе бірнеше гидроксотоптан құралған күрделі зат
|
Тұз
|
Металл атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат
|
Индикатор
|
рН ортаның өзгеруіне байланыста түсін өзгертетін зат
|
Сілті
|
Суда еритін негіздер
|
Достарыңызбен бөлісу: |