Шыныны кесу және шыны өңдеу техникасы.
Шыны, әйнек – металл емес шикізатты балқытып суыту нәтижесінде алынатын, химиялық әсерге төзімді, аморфты қатты материал. Ол механикалық қасиеті жағынан морт келетін қатты затқа ұқсас, ал агрегаттық күйі сұйықтық пен кристалдың аралығында жатады.
Na2O*CaO*6SiO2
Шынының табиғи ( вулкан атқылауынан түзілетін перлит, обсидиан) және жасанды түрлері бар. Сонымен бірге шынының иондауыш сәуледен қорғайтын шыны, жарық өткізгіштігі өзгеріп отыратын фотохромдық шыны, ерігіш шыныдеп аталатын түрлері де бар. Шыныдан жасалған бұйым мөлдір не мөлдір емес, түссіз не боялған, ультракүлгін сәулені өткізетін не жүтатын, өр түрлі сеуле (мыс, ультракүлгін және үсәуле) есерінен люминес-ценцияланатын болып келеді. Шынының физ.-хим. қасиеті оның құраушыларына тәуелді. Шыныға тән қасиет — оның мөлдірлігі (терезелік шынының мөлдірлігі 83 - 90%, оптикалық шынынікі 99,95%). шынының беріктігін арттыру үшін ол әр түрлі өңцеуден (физ., хим., терм.) өткізіледі.
Шыны өндірісі адамға өте ертеден белгілі. Шыны деп натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады. Әдетте, кәдімгі терезе шынысын даярлау үшін шикізат ретінде әктас СаСО3, сода Na2CO3 және құм SiO2 алынады. Осы заттарды айрықша пеште 1400оС-та балқытуды шыны қайнату деп атайды. Бұл процестің негізгі силикаттарға айналуы:
СаСО3+SiO2=CaSiO3+CO2; Na2CO3+SiO2=NaSiO3+CO2
Шынының құрамы өте күрделі, сондықтан кәдімгі шыныны мынадай формуламен өрнектейді: Na2O*CaO*6SiO2. Ал осы кәдімгі шыныны алу реакциясының теңдеуі: Na2CO3+CaCO3+6SiO2=Na2O*CaO*6SiO+2CO2.
Хаттама №2 22.10.2021
ББ жетекшісі Р.Ж. Мұқанова
Қазақсан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Жаратылыстану жоғары мектебі
«Мектеп химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі» пәні
БИЛЕТ №21
Мектептегі химиялық экспериментте реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеудің артықшылықтары.
Химиялық реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жүргізу – қауіптілікті азайтады.Химиялық эксперимент жасағанда алынған заттың массасына байланысты: макросалмақ (0,05-0,5 г) жартылай макросалмақ ( 0,01-0,5 г) және микросалмақ (0,1-10 мг) деп бөледі. Химиялық реакция жүргізгенде концентрация бәрінде бірдей бірақ ерітінді көлемі мен аппаратура көлемі әртүрлі болады.Соған сәйкес шағын пробирка, пипетка, бюретка, фарфор ,шыны таяқша ,ұЯшығы бар фарфор не шыны пластинка болады.Бұл микрометод деп аталады.Тәжірбиені 1-2 тамшымен істеуге болады.Бұл әдіспен жұмыс істеу уақытты , реактивті үнемдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |