1-билет Сынтасты мәдениеті


Кіші жүз тайпалары туралы әңгімелеңдер



бет24/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1-билет Сынтасты м дениеті

3. Кіші жүз тайпалары туралы әңгімелеңдер.
*Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” деп атанған. Оның құрамына үш бірлестік кіреді: Байұлы (адай, алтын, алаша, байбақты, беріш, жаппас, масқар, таз, тана, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш);
Қаракесек (байсары, әлім, шөмен);
Жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары енеді;
15 – 17-ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды*


31- билет

  1. КСРО-дағы ислам дінінің орны.

Алғашқы жылдары исламға қатысты саясат ашық қарсыласу түрінде емес, сақтық, жанама сипатта жүзеге асырылғанымен, көп ұзамай исламға қарсы шабуылға ұласқанын айта кетсек болады. Қазақ жерінде діннің мемлекеттен және мектептің діннен бөлінуі туралы декрет ережелерінің жүзеге асырылуына қатысты заңсыздықтар жазаланап отырды. Діни қозғалыстың күшеіне байланысты дінге қарсы күштеу шаралары да белсендіріліп, діни мектептер, мешіт-медреселер жаппай жабылды. 20-шы жж. Екінші жартысынан бастап мұсылман дін басыларының реакциялық қызметі әшкереленіп, «мұсылмандардың кеңес өкіметіне қарсы сипаты» туралы тұжырым жасалды. Кеңес өкіметінің исламға қарсы шабуылы мұсылман оқу орындарына қатысты саясатынан да көрініс тапты

  1. «Орталық Азия» терминінің тарихы

Орталық Азия – Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы – жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет