3. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы. *Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату*
3-билет Ботай мәдениетінің туралы әңгімеле.
*Ботай мәдениеті б.ғ.д 5-4ғасырларда пайда болды.Оның бір ерекшелігі ежелгі адамдар алғаш рет жылқыны қолға үйреткен дінімен ерекшелінеді.Энолит дәуірінде Солтүстік Кавказ мекендеген тайпалар мәдениеті.Ботай мәдениетінің ескерткіші 15гектар жерді алып жатыр.Ғалымдар ботайды 28жыл бойы зерттеген.Оншақты мақала жазылып,кітаптар басылды.Ғалымдарды табылған ат сүйектері көптігі таң қалдырды.Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым остеологтар шақырылды.Олар ауқымды істер атқарды 133мыңдай жылқы сүйектері зерттелді . Нәтижесінде анықталғаны Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтыны боп шықты*
2. «Алаш» партиясының құрылған жылы? *Құрылған жылы 28шілде 1917жыл Басшысы Әлихан Бөкейхан Негізін салушы -Әлихан Бөкейхан,Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы таралған жыл 1920жыл мүшелер саны 200мың ұрандары Оян қазақ!!Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисімен қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ сьезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, қазақ тәуелсіздігіне жеткісі келген. Сонымен қатар, партияның саясаттық мақсаты - қазақтарды демократиямен қамтамасыз ету еді. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, 1920 жылда таралды*
3. «Жеті жарғының» негізгі жеті тарауын атаңдар. * Жеті жарғы:
1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).
6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін*