25-билет
1.Түрік қағанаты және Батыс Түрік қағанаты.
* Түрік қағанаты— Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі.Түрік қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай, Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Қапқаз аумақтарына иелік еткен.
Батыс Түрік— Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған*
2.Қазақстан республикасының ДСҰ-ға қай жылы кірді?
*Қазақстан республикасы ДСҰ-ға 2015 жылы 27 шілдеде ресми түрде мүше болып кірді*
3. Орта жүз тайпалары туралы әңгімелеңдер.
* Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған. Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ, тарақты. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген*
26-билет
Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны.
* Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Балғожа би немересін орыс мектебіне бергісі келеді. Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 баланың біреуі болып береді. Осылайша, ол 1851 жылы қазақ балалары үшін ашылған Шекара комиссиясының жанындағы мектепке жіберілді. Мектепті бітіргеннен кейін 3 жыл бойы (1857-1860) атасының қол астында кеңсе хатшысы, одан кейін Орынбор кеңесінде аудармашы болып жұмыс істеді.1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Сөйтіп, ол меценаттың қаражатына мектеп ғимаратының құрылысын бастауға кіріседі. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Алтынсариннің мектептегі жұмысы жақсы бағаланды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысына мектеп инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысындағы мектептің инспекторы лауазымын алған Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай және Илецк облыстарында екі сыныпты орыс-қырғыз мектебін ашты және осы мектептерді оқушылар мен оқытушыларға толтырды. Сондай-ақ, ол осы мектептерді жабдықтауға ерекше мән берді.Ол әрбір мектепте кітапханалардың құрылуына көп көңіл бөлді. «Жинаған 600 рубльге Торғай облысының мектептерінде оқытушылар мен оқушыларға арнап кітапханалар ашқым келеді. Бұл кітапханалардың мақсаты – ондағы кітаптарды тек оқушылар мен мұғалімдер ғана қолданып қоймай, курсты аяқтаған адамдар (оқушылар) мен жалпы сауатты адамдардың оқу құралдарын алуға болатын орындары болса екен деймін»,-деген ұлы ағартушы. Жалпы алғанда, Алтынсарин төрт бірдей екі сыныпты орыс-қырғыз училищесін, бір кәсіптік училище, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище және орыс балаларына арналған екі мектеп ашты.Ыбырай орыс классиктерінің аудармаларында және қазақ тіліндегі түпнұсқа шығармаларында демократиялық ағарту идеалдарын насихаттады. Қазақ әдеби тілін қалыптастыру саласында ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, ол Толстой, Ушинский, Крылов, Пауссон секілді орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.Оның қаламынан «Қыпшақ Сейіт», «Киіз үй мен ағаш үй», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» секілді әңгімелер мен новеллалар туған. Алайда, Алтынсарин өзінің бүкіл дүниетанымындағы бірқатар қайшылықтардан аулақ бола алмады. Барлық ағартушылар секілді, ол да білім берудің әлеуметтік-қайта құрудағы рөлін жиі асыра бағалады. Алтынсарин жан-жақты білім алған адам. Оның ғылыми қызығушылығы этнографияны да қамтиды.Ол бүкіл ғұмырын ағартушылыққа арнап, ешқашан дүние-мүлікке қызықпаған. Ол тек жеке қаражатынан кішкентай көлдің жағасынан бір қабатты ағаш үй ғана тұрғызып, онда 1889 жылға дейін, қайтыс болғанға дейін қарапайым өмір сүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |