28-билет 1.Әлихан Бөкейхан өмірбаяны. * Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан- 5 наурызда 1866 жылы Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесінде дүниеге келген. Ол қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.
2. Қасым ханның Қазақ хандығында билік еткен жылы? * Қасым ханның Қазақ хандығында 1511 – 1521 жылдар аралығында билік еткен*
3.1932-1933 жылдардағы жаппай аштықтың себептерін ата. *Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды*
29-билет Федеоров мәдениеті.
*Федоров мәдениеті (б.з.б. ХҮ-ХП ғғ.) алакөлдіктердің дәстүрін жалғастырды. Белгілі бір кезеңде алакөлдіктер мен федоровтықтар бір- бірімен қатар өмір сүруі мүмкін. Федоровтықтар шығысқа қарай жыл- жып, Тобыл және Ертіс алаптары маңына қоныстанды. Бүл уақытта федоровтықтарды Батыс Қазақстаннан қималықтар ығыстырып шығарды. Федоров мәдениетінің батыс шегарасы Торғай қолаты болған. Федоровтардың тіршілікке қолайлы, ұзақ уақытқа лайықталған*
2. Қазан төңкерілісі қай жылы орын алған оқиға? * Қазан төңкерілісі 1917 ж. 25 қазанда орын алған оқиға*