Мазмұны Кіріспе Көшпенділер Қазақтың Қасым, Хақназар хандары Тарих-и-Рашиди Қазақ Хандығының құрылу тарихы "Қазақтың ханы Абылай" Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе
Кіріспе «Әрекет етуші күшке әрқашан қарсы әрекет етуші күш бар болады» деген физика заңының қоғамдық өмірге де қатысы бар екені белгілі. Өткен ғасырдың 50-70 жылдары қазақ халқының рухани өмірін мәңгүрттеу саясатының тетіктері толығымен іске қосылған кезде рухани кеңістігіміздің тұтастығын сақтап қалу үшін оған қарсы күштер қалыптасады. Дәлел ретінде «Менің Қазақстаным» әнінің(1956 жылы жазылған, әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған Ж.Нәжімәдинов) осы тұста дүниеге келіп, қазақ халқының рухын қалай асқақтатқаны белгілі. Тарих ғылымы маркстік-лениндік методологияның тар құрсауында болса, тарихшылар – идеологиялық майданның алдыңғы сапындағы жауынгерлер делініп, олардың айтар ойлары мен жазбақ еңбектері қатаң бақылауда ұсталынды. Атақты тарихшы Е.Бекмахановтың «ісінен» кейін тарихшыларымыздың өздері ел тарихының терең қойнауларына, тарихтың өзекті және күрделі тақырыптарына бара алмай немесе бармай, үкіметтің жүзеге асырған бесжылдықтар тарихын, ондағы партияның басшылық рөлін зерттеумен айналысуға мәжбүр болды. Дәл осы тұста, қазақтың рухани өмірінің ұлттық сипатын, қазақ ұлтының болмысын сақтап қалуға, қазақ халқының рухын асқақтатуға тарихтың егіздей болған сыңары – әдебиет, тарихшылармен бірге көп қыспаққа ұшыраған зиялы қауым – жазушылар келеді. Қазақ халқының ортағасырлардағы тарихының маңызды мәселелерін тақырып етіп алып, жазушылар оны көркем әдебиет арқылы көпшілікке жеткізуге тырысты. Осындай ұлы істің басында 2015 жылы 100 жылдығын бүкіл қазақ жұрты атап өтіп отырған көрнекті жазушы, он жеті романның авторы, 1968 жылғы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлин(1915-1983) тұрды.Кейін тарихқа осылай тарихи жазбалар,кино сынды халыққа тарихын танытар дүниелер шыға бастады.