1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері



бет15/20
Дата14.05.2023
өлшемі345,2 Kb.
#92944
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
фонетика Анель

2.Регрессивті ассимиляция
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз. Жиі кездесетін әсерлері:
1.Қ,к, п дыбыстарының біріне біткен сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы дауысты дыбыс болса, бұл үшеуі ұяңданып кетеді: жүрек+ім (жүрегім), қақ+у (қағу), шап+а+ды (шабады).
2.Регрессивті ассимиляцияға ұшырайтын бұлардан басқа н дыбысы: күн+ге (күңге), кейін+ге (кейіңге), жанпейіс (жампейіс).
Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды. Ал з дыбысы одан әлдеқайда актив.

18 Билет
1. ЛИНГВАЛЬДЫ АТТРАКЦИЯ
ТІЛ ҮНДЕСТІГІ (ЛИНГВАЛЬДЫ АТТРАКЦИЯ)
Адамның тілі – дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы білдіреміз. Морфемалардың бірыңжуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымша аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге мектептен таныс негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:
1.Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: қала-лық-тар-ға
2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: бөрене-лер-дің
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуелді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі.
Олар: -бан, мейір+бан
-гер, қаламгер, саудагер
-дар, хабардар, қарыздар
-күнем, пайдакүнем
2. Орыс түркітанушылардың еңбектерін саралаңыз
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. ХIX ғасырдың 2 жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін , салт-дәстүрін жетік біліп, тілін, дінін, жан-жақты зерттеуді қолға алды.
Қазақ тілінің фонетикасы жайлы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский еңбегінде айтылды. »Материалы к изучению киргизского языка» деген еңбегінің (162-бет) 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады,. Н.И.Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамы 8 дауысты және 19 дауыссыздан тұратынын жазады.Сөздікте келтірілген мысалдардан (бүлдірген, мұрындық) ерін үндестігінің ықпалы зор болғандығын көруге болады.
А.В.Старчевскийдің «Спутник русского человека в средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген.
Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық, қысаң, жуан, жіңішке, еріндік, езулік деп жіктейді. Ал дауыссыздарды іштей қатаң,ұяң, үнді және аралық немесе у, и жарты дауысты дыбыстар деп бөлген.Түркітанушы Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Дауыстылардың сингармонизмін, дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған.
Зерттеуші П.Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымы біраз баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы, оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтылады. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар, қазақ тілінде сингармонизм заңы жақсы сақталғанын, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет