1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


билет 1.Игерулі,игерусіз өзгерістер



бет12/20
Дата14.05.2023
өлшемі345,2 Kb.
#92944
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
фонетика Анель

12 билет
1.Игерулі,игерусіз өзгерістер
1.Комбинаторлық өзгерістер(игерулі) 2.спантандық игерусіз(игерусіз)
К.Бисенбаева классификациясы:
Игерулі өзгерістер сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы көршілес қатар тұрған дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалымен байланысты болады.
а) бір дыбыстың екінші дыбысқа алмасуы
в) кейде дыбыс түсіп қалуы
б) дыбыстың көмескіленуі
г)жаңа дыбыс пайда болуы т.б
Мыс:сөнген/сөңгөн; сары ала/сар(ы)ала
Ал игерусіз өзгерістер көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалы болмайды.Мыс:Жүсіп,Түсіп,Нүсіп,Ғазиз,Ғазиза
Комбинаторлық өзгерістер-дыбыстардың бір-біріне тигізген ықпалымен байланысты болады
Спантандық өзгерістер-дыбыстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы көрініс таппайды.Онда дыбыс өзгерісі сөздің барлық дыбыстық ықпалына түспей, өздігінен құрылып тұрады.
2. Консонант дауыс шымылдығы бойынша жіктеліуі
Ә.Жүнісбек еңбегінде дауыссыз дыбыстар төмендегіше жіктеледі:
Дауыс қатысына қарай:
а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі тербелмейді (п, қ-к, с, ш);
ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі (б, д, ғ-г, з, ж)
Б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м, н, ң, р, л, и, у).


13 билет
1:орфоэпиядағы регрессивті ассимиляция.
Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз.
Орфоэпияда кездесетін регрессивті ассимиляция жартылай регрессивті ассимиляция дейміз.Егер сөз н үнді дыбысына аяқталса қосымша ұяңнан не қатаңнан басталса н-ң айналады Мысалы:күн+ге күңге деп естіледі.
Алдынғы морфема з ұяңнан бітіп кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталса онда з дыбысына алмасады.Мысалы: көзсіз -көссіз деп естіледі.
2.Вокализмдердің құрамын талдау
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай 2 бөлінеді.Олар:жуан (гуттураль)және жіңішке(палаталь).Зерттеген ғалымдар І.Кеңесбаев;С.Мырзабеков.
Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейді.Олар:а,о,ұ,ы,(у).
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейді.Олар:ә,ө,ү,і,е,э,и,(у).
Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай езулік (лингвал)және еріндік (лабиаль)болып 2 ге бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атайды.Олар:о,ө,у,ұ,ү.
Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды езулік дауыстылар дейді.Олар:а,ә,е,э,ы,і,и.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып 2 ге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейді.Олар:а,ә,о,ө,е,э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейді.Олар;ы,і,и,у,ұ,ү.Зерттеген ғалымдар 3 ғалым.Сапархан Мырзабеков жақтың қатысына қарай 3-ке бөледі: ашық: а,ә ; жартылай ашық: о,ө,е ; қысаң: ұ,ү,ы,і,и,у
Тіл алды дауыссыздары:а,о,ұ ,ы,у
Тіл арты дауыссыздары:ә,ө,ү,і,и,(у)(Ә.Жүнісбеков)
Дауыссыздар әуездің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.Жуандар:а,о,ы,ұ .Жіңішкелер:ә,ө,ү,і,и,у
Құрылымы жағынан дифтонг(и,у) және монофтонг(а,ә,о,ө,ұ,ү,ы,і) болып бөлінеді.
Қолданылу ерекшелігіне қарай универсаль және универсаль емес болып екіге бөлінеді.Универсаль дыбыстар сөздің барлық шенінде кездесе береді .Ал универсаль емес дыбыстар тек сөздің басқы буынында болады.Универсаль дыбыстар : а,ы,і,и,у,е
Универсаль емес дыбыстар :ә,о,ө,ұ,ү
Әлімхан Жүнісбеков дауыссыздарды сингема және аллосингема деп бөледі.Сингема :а,о,ы
Аллосингема:ә,ө,ү,ұ,і,и,у


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет