2 :Орфоэпиядағы прогрессивті ассимиляция Ассимиляция морфермалар жігіндегі қатар келген дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляция жағынан өзіне ұқсатуы.Ол екіге бөлінеді
1.Прогресивті Ассимиляция 2.Регресивті Ассимиляция
Айтылуда кездесетін прогрессивті ассимиляция: 1.Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтылуда қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналады:
жазуда ескерілмейді шаш+са (шашша), қаш+са (қашша).
2.Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң болып, одан кейінгі сөздің алдыңғы дыбысы қ,к болса, айтылуда ұяңдап ғ,г дыбыстарына айналады:
жазуда ескерілмейді, атың кім?(атың гім?), ала көйлек (ала гөйлек). Сондай-ақ, с+д, т+д, ш+д келгенде д қатаңданып, т-ға жуықтайды: тас дәуір (тас тәуір), төрт дәптер (төрттәптер).
3 билет ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
2:Екпін түспейтін қосымшалар Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға,яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, Еңбекшілерді.
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: 1. Жіктік жалғауына екпін түспейді: оқушымын, барамыз т.б.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) екпін түспейді: айтпа, барма, келме
3. Көмекші сөздерге екпін түспейді: ғой, шейін, соң, арқылы т.б.
4 билет 1:Буын түрлері.Ығысуы жығысуы Шартты белгілер.- дауысты дыбыс, лат А таңбаланады/ дауыссыз дыбыс, лат В таңбаланады.
Дауысты дыбыстың орнына қарай буын үш түрлі топқа бөлінеді:
1. Ашық буын – жалаң дауысты дыбыстан немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға аяқталатын буынның түрі. Мысалы: қа – ла, ә - ке [ВА-ВА, А-ВА].
2. Тұйық буын - дауыстыдан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды атаймыз. Мысалы: от, ез, ат, [АВ, АВ, АВ] айт, ант, өрт, [АВВ, АВВ, АВВ].
3. Бітеу буын – дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссызға аяқталатын буынның түрі. Мысалы: қант, бас – бар – мақ, мек – теп
[ВАВВ], [ВАВ], [ВАВ], [ВАВ], [ВАВ-ВАВ].
Буын кейде өзгеріске ұшырап, орнын өзгертіп отырады, мұны тілімізде буын алмасуы деп атайды. Жалпы ғалымдардың пікірінше, буында мағына болмайды. Бірақ, қазақ тілінде көптеген түркі тілдері сияқты бір буынды мағына беретін сөздер өте көп кездеседі. Мұны ғалымдар кездейсоқтық деп таниды.
Буын алмасуы Сөзге қосымша жалғанғанда немесе сөз арасында екі дауысты дыбыс қатар келгенде буын ішінде өзгеріс пайда болады.
1. Екі дауысты дыбыс қатар келіп, бірі түсіріліп, буын санының кемуін, буынның ығысуы деп атаймыз. Мысалы: қара – ала, қа – ра – ла [ВА- ВА-А-ВА] = сары ала са – ра – ла = қа – ра – ла, сары - ағаш са – ра – ғаш [ВА- ВА-ВА].
Жаңа өзен жа – ңа ө - зен [ВА- ВА А-ВАВ] жа- ңа
2. Сөзге қосымша жалғаннан жағдай буынның соңғы дыбысының келесі буынға ауытқуын буынның жылысуы деп атаймыз. Мысалы: қайт: қайт+у, қай – ту
Ескерту: сөз басында жалаң дауысты дыбыстың ашық буын құрауы және оның ешқашан өзгеріске түспеуі заңды құбылыс және буынның соңы дауыссыз дыбысқа аяқталады, қосымша дауыссыздан басталып, жалғанса, буын ішінде өзгеріс болмайды.