1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


:Тіл арты консононтизмдеріне анықтама



бет7/20
Дата14.05.2023
өлшемі345,2 Kb.
#92944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
фонетика Анель

2:Тіл арты консононтизмдеріне анықтама
Тіл арты дауыссыздары. Тіл арты дауыссыздары тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады. Тіл арты шенініңдарына орыс тіліндегі к, г, х дыбыстары, қазақ тіліндегі қ, ғ, ң дыбыстары жатады.
Ғ Қ фонемалары тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп жабысып содан соң бірден ол екі мүше ажырап кетуі арқылы жасалады.Қ сөздің барлық шенінде кездеседі. Ғ фонемасы сөздің басында өте сирек кездеседі.
Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жасалады да тез ажырайды ауа мұрын жол арқылы жығады.Ң сөз басында мүлдем кездеспейді.

7 билет
1: Қазақ тіл білімі және консонантизмдер жайлы алғашқы ғылыми зерттеулер
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жөнінде алғашқы зерттеу мәліметтері Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский еңбектерінде айтылған болса, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектері ана тілімізде зерттеудің алғашқы үлгісі болды. Сондай-ақ, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, т.б. еңбектерінде де дауыссыз дыбыстарға қатысты алғашқы талдаулар жасалды. Одан кейінгі кезеңде І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбек, Б.Тайлақбаев, С.Омарбеков, А.Қошқаров, М.Райымбекова, С.Мырзабеков, Ә.Бәйімбетова, С.Оразалин, В.А.Шнайдер, Б.Баймұханов, Ж.А.Исаева, А.Молдашева т.б. зерттеулерінде жан-жақты қарастырылды.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н. Ильминскийден бастап кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғ мен к, г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай -ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы және баскалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.
50-жылдардан бері казақ тілі оқулықтарының бэрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анык. Фонетиканың бас оқулығында акад. I. Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазак эдебиет тіліне в, ф, ч, х тэрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: « Екі тілде (казакша, орысша) сөйлейтін қазактар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын казактың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады».
Қазак тіліндегі қ түбірде дауыстылар коршауында тұрып, осы х-ға жуык (ахьін, жахын, ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан счяқты) дыбысталатынын жокка шығаруга болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Сонымен қатар эдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбысталады. Мысалы: ит жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тс дыбыстар тіркесі тц-га жуык айтылады.
Қазак әдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, гы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, үу, шы.
Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын эр кез өзіне аударып отырған.
Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, г, к, г) төртеуінің анык естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Тіл кұралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уакытта жіңішкермейді. К һэм г ыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады», — деп көрсетеді.
Халел Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, г қылып таңбалау керек еді. К мен г карыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан карап, к мен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.
Оган керісінше, қ мен к - катаң бір (к) фонема, ғ мен г - ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген. Ә. Жүнісбеков казақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымга келді. Мұны мойындайтын болсак, біз де кыргыздар сияқты: қазақ, кіргіз, карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қыргыз, қарга, қыз, жылқы деп айтатын боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет