1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері



бет16/20
Дата14.05.2023
өлшемі345,2 Kb.
#92944
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
фонетика Анель

19 билет
1. қазақ тілі зерттеулершілерінің еңбектерін саралаңыз,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

2. тілдің актив қатысына қарай дауыстылады жіктеу
Тілдің қатысына қарай:
1)Жуан(гуттураль)дауыстылар:а,о,ұ,ы,у,
2)Жіңішке(палаталь)дауыстылар:ә,ө,ү,і,е,и.
Жуан дауыстылардың аитқанда жіңішкелермен салыстырғанда тіл сәл артқа қарай тартылады(ортасы көтеріліңкірейді)жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды.
Ә.Жүнісбек осыған байланысты тілдің қатысына қарай тіл арты тіл ортасы деп екіге бөлген.
20 билет
1. Вокализм,вокализм классификациясы
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі, дауыстылар және вокализмдер (лат. Bokalis - дауысты) – «сөздің жаны». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дауысты дыбыстардың түрлері.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай былай жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы,(у).
2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и, (у).
Ә.Жүнісбеков дауысты дыбыстарды жасалу орнына қарай тіл ортасы тіл арты деп бөледі. Тіл ортасы Ә, Е, І, Ө, Ү. Тіл арты А,Ы, О, Ұ
Еріннің қатысына қарай:
1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
2. Езулік (лингваль) дауыстылар: а, ә, е, и, ы, і.
Жақтың қатысына қарай:
1. Ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, (у).
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былай жіктейді:
1. Ашық дауыстылар: а, ә.
2. Жартылай ашық: о, ө, е.
3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ал, о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына құранды дыбыстар деп бөліп қарайды.
2.А.Байтұрсынов фонетика жайлы еңбектері.
ХХ ғасырдың басы қазақ тілі білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші – А.Байтұрсынұлы.
Сол уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу туралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, жеңілдетті. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз арасында кездесетін қысаң дауыстылар жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын құрамы дұрыс ажыратылмай, тек қиындық тудырды (алтын – алты, салқын – салқы). Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.
1928 жылы жарық көрген бір мақаласы «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. Жіктелуде артикуляциялық, акустикалық қасиеттерді басшылыққа алған.
Дауыстыларды толық (а,е,о,ү,ы) және шала (р,ң,л,м,н,у,й) деп 2-ге бөледі. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты және мұрын шығысты болып 2-ге бөлінеді. Бұлардан басқа қысаң бөгеулі, тұйық бөгеулі, босаң бөгеулі сияқты ажыраулар да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет