1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


)Универсал емес вокализмдерге сипаттама бер



бет19/20
Дата14.05.2023
өлшемі345,2 Kb.
#92944
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
фонетика Анель

2)Универсал емес вокализмдерге сипаттама бер
Универсал емес дауысты дыбыстар көбінесе сөздің анлаут позицясында ғана кездеседі
Оларға: ә,ұ,ү,о,ө дыбыстары.

24- билет
1)Ерін үндестігі ғалымдардың тұжырымдамасы
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. «Қазіргі қазақ тілі оқулығында былай делінген: «Әдеби тілде ерін үндестігі тіпті еленбейді десе болады. Осыған қарағанда, ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды»» (283-бет). Ал келесі бетте былай делінген: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе, екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буыннан еріндік ықпалы сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,я дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бару) келесі буындағы н,і дыбыстарын өзгертіп, ұ,ү- лерге жуықтатып естіртеді: күліп, бүгіп, орын. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда әлсірей береді: күмістің. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды. Олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолданылуы ұқсас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтып жүр .Тіліміздің табиғи жарасымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады» (Н.Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек..Қазақ тілінің алғашқы орфоэпиялық сөздігінде І.Кеңесбаев пікірі басшылыққа алынған, яғни екінші буында еріндіктер жазылып, үшінші буынға арнайы белгі қойып жасалған. Одан кейін жасалған сөздің екінші буынмен біржола шектелген. Тек үшінші сөздікте ғана ерін үндестігі біршама шешім тапқан. Сөздіктің авторы белгілі ғалым М.Серғалиев ерін үндестігі «үшінші буында да айқын байқалады», - деген қорытындыға келді. Сөздікте үшінші, төртінші, ара-тұра бесінші буында да, еріндіктер жазылған: өкүніүштү, өршөленгөн, т.б. Бұдан айтылып шығатын қорытынды: қазақ тілінде ерін үндестігі болған және оның күші санаулы буынмен шектелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет