ә. Мәдениеттің жеке тұлғаның руханилығына әсері. Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі,адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.Ол-өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға,оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді.Олар оны өз мақсатына пайдаланады.Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады,ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың,жеке адамдардың өмір сүру жағдайына,талабына сәйкес пайда болып,қалыптасады.Мысалы:аң аулау,еңбек құралдарын жасау,от жағу,тамақ пісіру,киіну,ортамен қатынаста болу,т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста.Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды.Мәселен,бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты,кейінірек те білімнің қалыптасып,жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты,мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.Информатика дамыды,оларды микрофон,магнитофон,компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды,Сөйтіп,мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты.Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
3. Академиялық ұтқырлық бойынша барған қаланың, университеттің мәдениетіне қысқаша шолу жазыңыз. Мен академиялық ұтқырлық бойынша Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ауысып келдім.Шымкент қаласы Республика бойынша маңызы бар ,үшінші мегаполис болып табылады. Шымкент қаласы Тәуелсіздік жылдары қарқынды дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Әлеуметтік-мәдени өрісі өсті. 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанып, бұл жауапты іс-шараны абыроймен атқарды. Мәдениет саласында да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар. Қаламызда жаңадан облыстық опера және балет театры, «Оңтүстік цирк», «Түркістан» мәдениет сарайы, «Отырар» кітапханасы, «Көрме» орталығы, «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы», «Тәуелсіздік» саябағы, «Наурыз» алаңы, Тарихи-өлкетану мұражайы» және тағы басқа көптеген көпшілік демалыс орындары пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, білім, спорт, мәдени-әлеуметтік салада да елеулі ілгерілеушіліктер бар.Қала халқы өте мейірімді ,қонақжай.Салт-дәстүрді де берік ұстанады.
Ал университетке келетін болсақ,білім деңгейі өте жоғары.Университет ішінен мәдени картинкалар мен ескерткіштерді көптеп кездестіруге болады.Мұндағы ұстаздар мен студенттердің арасындағы байланыс,бір-біріне деген көзқарас ерекше.Сабақ барысында студенттерге адамгерщілік-мәдени тұрғыдан білім беріп қана қоймай,жеке тұлға ретінде дамып,алған білімдерін бойларына сіңіруге көптеп көмектеседі.