1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды түсіндіріңіз



бет14/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

14. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды түсіндіріңіз.

Критерий арқылы бағалау оқушыларға:  нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;  бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі  бір  критерийлер  арқылы бағалау болып табылады

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:  1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалау арқылы  оқушылар  өз деңгейлерін анықтай алды.  Бұл олардың білім деңгейлерін  көтеруіне  ықпалын  тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.Тоқсан соңында әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінедіНегізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет