1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды түсіндіріңіз



бет16/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
16. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды түсіндіріңіз.

Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:

Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды

Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады

Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.

Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады.Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі: оқушы белсенділігін арттыру үшін оқу үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі топтық жұмыс.Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар.

Бірыңғай топтық жұмыс.

Сараланған топтық жұмыс.Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет