1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Оқушылардың жауабын бағалаудағы қиын жағдаяттарды шешу жəне моделдеуді көрсетіңіз



бет36/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
36. Оқушылардың жауабын бағалаудағы қиын жағдаяттарды шешу жəне моделдеуді көрсетіңіз.

Бағалау дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.

Осы талаптарды ескеріп, эссені тіл сабақтарында жаздырып, бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге қысқаша жаза білуді үйрене бастады.Оқушылардың эсселерін бағалау түрімен бағалайтын болсам, алғашқы кездері жазған эссенің қорытындысы бойынша сынып оқушыларының көрсеткіші төмендегідей болды:

23%-ойын толық жеткізді, 47%-ойларын толық жеткізбесе де белгілі бір пікірі бар, 30%-ойын толық жеткізе алмаған.

Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.

Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және оларды нақты бағалау өте маңызды мәселе.Мұғалімдердің балаларды оқып жатқанда, жазып жатқанда, бір-бірімен араласқанда, дамуға бағытталған оқу бағдарламасы барысындағы түрлі жаттығуларға қатысып жатқанын бақылауы, әр бала туралы мәлімет жинауға мүмкіндік береді.Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін бағалау процесі терең зейінмен сыныпта жасалған жаттығулар да үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы.

Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің синонимі екенін есте сақтау керек. Барлық оқытуды тізбектесек: «қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И. С. Якиманская), осы құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек; қосымша мәліметтерді сабақта да, үйде де жігерлене іздеу; проблемалық жағдаят туғызу; оқыту әдісінің әртүрлілігі; сабақ үстіндегі атмосфералық ортаны қалыптастыруымыз керек.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет