1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Білімді ағымды жəне мерзімді бақылау үшін тапсырмалар құрастыруды саралаңыз



бет35/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
35. Білімді ағымды жəне мерзімді бақылау үшін тапсырмалар құрастыруды саралаңыз.

Білімді бақылаудың негізгі мақсаты – оқушылардың білім алудағы жетістіктерін анықтау, білімін тереңдету және болашақта оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке қосылудың алғышарттарын жасау. Бұл мақсат ең алдымен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты. Екіншіден басты мақсаттың айқындылығы өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды.Бақылаушы міндет. Бұл міндет оқушының білімін, ақыл-ой дамуының деңгейін, білім еңбегінің ұтымды дағдыларын анықтау.Білім беруші міндет. Білім мен білікті және оларды жүйелендіруді дамытатын міндет.Диагностикалық міндет. Бақылаудың диагностикалық міндетінің мәні – оқушы білімінің қателіктері, нені білмейтіндері, нені ескермейтіндігі туралы ақпарат беру және оқу материалын меңгерудегі оқушы қиындықтарының себептерін, қателіктерінің түрін және санын анықтау. Оқушылардың кемшіліктерін, қателіктерін аша отырып, бұл міндет білім мен білікті мейлінше жетілдіруге жұмсалатын күштің бағытын көрсетеді. Бақылау оқушыға өзін жақсы тануға және өз білімі мен мүмкіндіктерін бағалауға көмек береді.

Тәрбиелеуші міндет. Оқушыларды білімге, тәртіпке, ұқыптылыққа, шынайылыққа тәрбиелеу – тәрбиелеуші міндеттің маңызы. Тексеру – тапсырманы орындау барысында өз-өзін анағұрлым бапйыпты және жүйелі бақылауға түрткі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет