1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Білімді бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыруды зерделеңіз



бет33/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
33. Білімді бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыруды зерделеңіз.

Пәннің оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес бір бөлім аяқталған соң немесе ортақ тақырыптар тәмамдалған соң оқушылар бөлім бойынша мұғалімдер тарапынан құрастырылған жиынтық бағалау тапсырмасын орындауы тиіс. Жиынтық бағалау тапсырмасы сабақ үстінде белгілі жеткілікті уақыт аралығында ғана жүргізіледі. Тапсырма орындалған соң дұрысы мен бұрысы дескриптор арқылы тексеріліп, ұпайы қойылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы үш күн ішінде тексеріліп, оқушыларға бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындау дағдысын меңгеру деңгейін көрсететін парақша рубрика таратылады.Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқушылардың әр сабақтағы оқу мақсатына жету деңгейі мен олқылықтарды анықтап, оны дер кезінде түзетуге, өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін тәсіл. Аталмыш амалды пән мұғалімдері күнделікті сабақта қолданады, ол үшін оқу мақсатына құрастырылған бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар жасақталады немесе қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулықтан тапсырмалар алынады. Әрбір қалыптастырушы бағалау тапсырмасына дескрипторлар арқылы оқушыларға кері байланыс беріледі. Осы қалыптастырушы бағалауға қатысты пән мұғалімдерінің бойында кейбір ескере кететін жәйттар кездесіп жатады.Рубрика арқылы оқушылар келесі бөлім бойынша жиынтық бағалау тапырмасына немесе тоқсандық жиынтық бағалауға дейін жеке дағдысы мен дайындығындағы олқылықтарды толықтыруға мүмкіндік алады. Қорытынды көрсеткіштің ақпараты ата-анаға мәлімделуі қажет. Жиынтық бағалаудың шешуші кезеңі тоқсандық жиынтық бағалау.Құрастырылған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы жүргізілмес бұрын тапсырмалардың сапасын анықтау үшін сараптамалық талдау жүргізуге ұсынылады. Жиынтық бағалау тапсырмасы балл қою кестесіне сәйкес тексерілген соң топтық жұмысты белсендендірудің тәсілімен (модерация) зерделенеді. Модерация үдерісі дегеніміз бағалауды стандарттау ұғымын білдіреді. Бұл бағытта әрбір паралелльдегі үш жұмысты ұсынуға болады. Жұмыстар модерациядан өткен соң оқушылардың жинақтаған ұпайы электронды журналға енгізіледі.Критериалды бағалау жүйесін қолдану кезінде мектеп мұғалімдері тарапынан ескерілмей, назардан тыс қалған маңызды мәселелердің де барын ашып айтқанымыз жөн. Саусағымызды бүгіп санамалсақ: күнделікті сабақта оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін тапсырмалар құрастыру; әрбір қалыптастырушы бағалау тапсырмасына оқушыларға дер кезінде кері байланыс ұсыну; кері байланыс үшін бағалау критерийі немесе дескрипторларды негізге алу; жиынтық бағалау тапсырмасын жүргізген соң, нәтижесі бойынша рубрикалар ұсыну; экспертизаға ұсынылған жиынтық бағалау тапсырмасын басқа сыныптарға таратпау, яғни әріптестердің арасында құпиялылық, сенімділік қарым-қатынасты қолдау; жиынтық бағалау тапсырмасын үйге орындауға бермеу; жиынтық бағалау тапсырмасына модерация жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет