1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Литота – затты кішірейте, құлдырата суреттеу



Pdf көрінісі
бет232/242
Дата26.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#45395
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   242
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

Литота – затты кішірейте, құлдырата суреттеу. 
Литота ойды бейнелейді. (Құбылысты мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу) 

Телегей теңіз шалқыған, 


Қоғалы көлдер суалған, 
Тізеге жетер-жетпес күн болған,- деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсіл: (Литота) 

«Ер Тарғын» жырында: 
«От орнындай тұяқтан
Ойнамақтай-ақ қалыпты, 
Етектейін еріннен 
Екі елісі қалыпты,» - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: (Литота) 
Гротеск (өсіру, ұлғайту) – әдеби шығарма ішіндегі оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелей айту. 
Табу – көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.Мысалы,жай түсу – жасыл 
түсті,Қасқыр- ұлыма т.б. 
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз.Мысалы,мылжың – сөзуарлау, 
өлді- дүние салды, бақиға аттанды, көз жұмды. 
Айшықтаудың (фигура) түрлері: 
Арнау: 

Жарлай арнау 

Сұрай арнау 

Зарлай арнау 
Қайталау: 

Жай қатару 

Еспе қайтару 

Анафора (әдепті қайталау) 

Эпифора (кезекті қайталау) 
Антитеза (шендестіру) 
Градация (дамыту) 
Параллелизм (егіздеу) 
Эллипсис (сөз тастап кету) 
Инверсия (сөз орнын ауыстыру) 
Арнау – айшықтаудың бір түрі. 
Жарлай арнау – ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі. 
Қалың елім,қазағым,қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай) 
Сұрай арнау – ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. 
Ақ қағазды қаралап, 
Қалам неге ойнайды? 
Ақын неге қайғырып, 
Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов) 
Зарлай арнау – мұң, зар түрінде айтылады.
Алатауды айналсам, 
Алғадайды табам ба? 
Сарыарқаны шарласам, 
Саңлағымды табам ба? (Жамбыл) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   242




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет