1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Қазақ баллада жанрының көшбасшысы: (Қайнекей жармағанбетов)



Pdf көрінісі
бет237/242
Дата26.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#45395
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   242
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

Қазақ баллада жанрының көшбасшысы: (Қайнекей жармағанбетов) 
Шағын сюжетті өлеңге тән атау: (Баллада) 
3.Драма – сахнаға арналған,оқиғаны оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын 
әдеби шығарма. Оқиғасы сөздері және қимыл әрекеттері арқылы танылады.Қазақ драмасын ғалым, академик Р.Нұрғали үш 
салаға жіктеді:а)қаһармандық; ә)саяси-әлеуметтік; б)тариха-ғұмырнамалық. 
Комедия- өмір құбылыстарының, адамның мінез-құлқының,іс-әрекетініңкүлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға 
лайықталып жазылған драмалық шығарма. 
Трагедия- өмірдегі шиеленіскен күрес- тартысты,бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін,белдескен 
күресін,қақтығыс таласын суреттейтін драмалық шығарма.Көбінесе кейіпкердік қазаға ұшырауымен аяқталады. 
Пьеса – драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. ПЬЕСА прозадағы,поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, 
мінездеулер, баяндаулар болмайды,барлық оқиғасы,ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы 
жасалынады.Қысқа түсіндірме түрінде келетін авторлық сөзі ремарқа деп аталады. 
Проза- қара сөзбен жазылған шығармалар. 
Поэзия- көркем әдебиетті ңертеден қалыптасқан үлкен бір саласы,өлең,жыр түрінде жазылған әдеби шыгармалар. 
Жыр-1)поэзиялық шығармалардың жалпы атауы;2) қазақтың халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі , поэзиялық 
шығарма жанры. 
Жырау – өз жанынан шығарып жыр айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының 
өкілі. 
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршы бұрыннан белгілі жырлы, халық дастандары мен поэмаларды домбыраның не 
қобыздың сүйемелдеуінен, мақаммен ,әнмен айтады,сондай-ақ эпикалық шығармаларды ды орындайды.Кейбір жыршылар өз 
жанынан да өлең-жыр шығарады. 
Терме – лирикалық өлеңдердің үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өнеге-насихат ретінде келіп,белгілі бір ырғақпен орындалатын түрі. 
Толғау – көне дәуірлерде туып, қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі,философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі, 
табан астындасуырып салып айтуға құралған лиро-эпостық жыр.Толғау- күрделі, көлемді лирикалық туынды,сюжетсіз 
поэма. 
Дастан – ауыз әдебиетіне жататын жанр.Дастан Орта Азия,Таяу Шығыс халықтары мен қазақ халқыныңарасында кең 
тараған .Қазақ дастандарын тақырыптарына қарай тарихи жырлар,батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, қиссалар деп 
бөдуге болады. 
Фантастика – шығарманың құрылымы : басталуы дамуы шиеленісуі шарықтау шегі шешімі 
Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын тәсіл қалай аталады: (Композиция) 
Көркем шығарма композициясының элементі: (Шарықтау шегі) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   242




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет