Үзінді М. Шахановтың қай өлеңінен алынған:
...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамда
өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана...
–«Құдіретті төрт ана»
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі
қасіретті болса да ,- деген үзінді алынған М. Шаханов өлеңі
– «Төрт ана»
Өсер елдің қай сәтте де
бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені
бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! - деген шумақпен аяқталатын М. Шахановтың
өлеңі - «Желтоқсан алауы»
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып
шыққан сенің қайсар даусыңнан, - деген өлең жолдары арналған тарихи оқиға -
1986 жылғы желтоқсан
көтерілісі
Достарыңызбен бөлісу: