1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет14/177
Дата25.04.2023
өлшемі432,56 Kb.
#86819
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   177
Байланысты:
ӘДЕБИЕТ КӨК КІТАП

Ертегілер
Ертегі – қара сөзбен айтылатын(кейде өлеңтүрінде), көбіне өмірде сирек кездесетін немесе ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайтын шығармалар:
Ертегі үшке бөлінеді:

  1. Қиял -ғажайып ертегілер («Ер Төстік», «Күн астындағы күнекей қыз», «Ұшқыш кілем», «Сырттандар» т.б.)

  2. Хайуанаттар туралы ертегілер(«Түлкі,қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Боз інген»)

  3. Тұрмыс– салт немесе шыншыл ертегілер («Аяз би», «Атымтай Жомарт», «Дүмше молда»т.б.)

Қазақ ертегілерін академик М.Әуезовнеше жікке(жанрға)бөлген:(3–ке)
Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалатын ауыз әдебиетінің ең көне жанры: (Ертегілер)
Ертегі не себепті үнемі жақсылықпен аяқталады? (Адам жаны жақсылықты аңсағандықтан, арман –қияында үнемі жақсылық жеңгендіктен)
Ертегілердің кіріспесінде кездесетін нұсқа:(Ерте– ерте ертеде...)
«ЖиһанкезСиндбадтың жеті сапары» ертегісі қай халықтың туындысы? (Араб)
Қиял ғажайып ертегілер:(«Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Алтын сақа»), (Үш өнерпаз)
Шыншыл ертегілер(«Аяз би», «Қырық өтірік»)
Қазақ ертегілерінің түрлере:(«Хайуанаттар жайлы ертегі, Қиял -ғажайып ертегі»)
Шыншыл ертегі:( «Атымтай Жомарт»,) («Аяз би», «Қырық өтірік»)
Жаман, Меңді сұлу, Ақша хан қай ертегінің кейіпкерлері? («Аяз би»),
«Аяз би»: (Шыншыл бейне)
Асқан ақылымен ел билеп, хан тағына отырып, кедей кезіндегі киімдерін төрге іліп қойған кейіпкері бар ертегі: («Аяз би»),
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның құдасы («Ақша хан»)
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі:(Наубай)
(«Аяз би») ертегісінде Мадан ханның уәзірлерінің саны: (Қырық)
(«Аяз би») ертегісінің бас кейіпкері: (Жаман)
Аяз бидің бұрынғы есімі: (Жаман)
Жаманға Аяз би деген атты қойған:(Бес ханның елі)
Аяз бидің әйелінің аты (Меңді)
(«Аяз би») ертегісіндегі Жаманның пікірінше шөптің, құстың жаманы: (Қара қоға мен сауысқан); (Уәзірлердің пікірінше жантақ пен дуадақ)
«Шөптің жаманы – қара қоға, құстың жаманы –сауысқан еді,» – дейтін ертегі кейіпкері:(Жаман)
«Бұл күндерде хан оны өзіне жақын дос қылды.Бұлекеуін араздастырайық», деп ақылдасып,хан мен Жаманның арасына от жаққан кейіпкерлер: (40 уәзір)
Аяз бидің басына бақ әкелген басты үш қасиет:(Өмірлік тәжірибесінің молдығы, зеректік, уәдеге беріктігі)
«Жаман – көптің бірі және айласыз жалқы адам», – деп М.Әуезов айтқан кейіпкер: (Аяз би)
Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді бейнелі,тұспалды түрде сипаттайтын ертегінің түрі: Хайуанаттар жайлы ертегілер: («Тышқан мен жылан», «Аю, түлкі және қойшы)
Зорлықшыл, қиянатшыл,жауыз,озбыр, қатал адам бейнесінде суреттелетін аң: (Арыстан)
Қу, айлакер адам бейнесінде суреттелетін аң:(Түлкі)
Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аң: (Қоян)
Ананың балаға деген шексіз махаббатын ғажап бейнелеген ертегі: («Боз інген»)
Табиғаттың сырын түсінсем,жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегінің түрі: (Қиял – ғжайып ертегілер)
Ертегіде кездесетін жауыздық бейнесі: (Жалмауыз кемпір)
Қиял –ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:(Мыстан кемпір, дию, пері, жезтырнақ)
Қиял –ғажайып ертегілер:(«Ер Төстік», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Керқұла атты Кендебай»)
«Жерден шыққан Желім батыр» ертегесі ертегілердің қай түрі: («Қиял –ғажайып»)
«Сырттандар» ертегісінде бала шошып оянады? (Қасқырдан)
«Сырттандар» ертегісінде баланы қасқырдан аман алып қалған адам:(Жігіттің сырттаны)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет