Қоғалы көлдер суалған,
Тізеге жетер-жетпес күн болған,- деген жолдардағы Махамбет қолданған көркемдік тәсіл: (Литота)
«Ер Тарғын» жырында:
«От орнындай тұяқтан
Ойнамақтай-ақ қалыпты,
Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты,» - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: (Литота) Гротеск (өсіру, ұлғайту) – әдеби шығарма ішіндегі оқиғаны шамадан тыс асыра, әсірелей айту.
Табу – көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.Мысалы,жай түсу – жасыл түсті,Қасқыр- ұлыма т.б.
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз.Мысалы,мылжың – сөзуарлау, өлді- дүние салды, бақиға аттанды, көз жұмды.
Айшықтаудың (фигура) түрлері: Арнау:
Антитеза (шендестіру) Градация (дамыту) Параллелизм (егіздеу) Эллипсис (сөз тастап кету) Инверсия (сөз орнын ауыстыру) Арнау – айшықтаудың бір түрі.
Жарлай арнау – ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім,қазағым,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай)
Сұрай арнау – ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов)
Зарлай арнау – мұң, зар түрінде айтылады.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба? (Жамбыл)