Қайталау – белгілі бір айтар ойды күшейте түсу үшін, бір сөзді не сөйлемді бірнеше рет қайталау.
Қайталаудың түрлері: (Анафора және эпифора)
«Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып;
Батырлар өледі,
Борышын атқарып;
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып,» - деген үзіндіде қолданылып тұрған тәсіл: (Қайталау)
«Күндердің күні болғанда,Күн жеткенде,ай артынан ай,жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей,темір таяқ тебенбей болып,өлдім-талдым,өштім-жандым...»Көркемдегішқұралдың түрі: (Қайталау)
Жай қайталау – өлең тармақтарындабір сөздің әр жолда қайталануы.
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн. (Махамбет)
Еспе қайталау – алдыңғы тіркестің аяғының келесі тіркестің басында қайталануы.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым. (С.Сейфуллин)
Анафора (әдепкі қайталау) – өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруі.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел,жел ұмытпас. (М.Жұмабаев)
Алғашқы сөздің қайталану түрі:
«Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузынақан қатты.
Жағдайсыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан.» (Анафора)
Жаңбыр шайып жаңарған.
Көк айдынмын,
Мөлдіреген шайқалып,» - деген тармақтарда қайталаудың қай түрі бар? (Анафора)
Үзіндідегі қайталаудың түрін ажыратыңыз.
Хантәңірі – бұлт жамылып, мұз киген
Хантәңірі – көкті құшып,бұлт сүйген.
Хантәңірі – жерге басын имеген.(Әдепкі қайталау(анафора)
Алтайдың біз тұрған жер ызғар шеті...
Ағажай Алтайдай жер қайды-ай,Ағажай,Алтайдай ел қайда-ай!- деегн жолдарда қайталаудың қандай түрі қолданылған? (Анафора)
Біз қиғаш үшін қырылдық,
Біз Тептер үшін тебістік,
Біз таразы сайлап оқ аттық, (Қайталау)
Жөнелді қалмақ жөнелді,
Шеңбер тартып келеді. (Қайталау)
Үзіндідегі қайталау түрі:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба». (Жай қайталау)
Достарыңызбен бөлісу: |