А. Байтұрсынұлының “Тіл құралы” оқулығындағы жаттығу тапсырмалардың берілген айдары : (“Сынау”)
Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалым : (А.Байтұрсынұлы)
Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдаған А.Байтұрсынұлының тұңғыш еңбегі: (“Тіл құралы”)
“ Сөз бен сөйлем”,” Сөз бен буындар” бөлімдері А. Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән ? (“ Тіл құралы” )
Қазақ тілі емлесінің реформалары, грамматиканың,әдебиет теориясының негізін салушы: ( Ахмет Байтұрсынұлы)
Сөз тұлғасын түбір сөз , туынды сөз , қос сөз, қосалқы сөз, қосымша сөз деп беске бөліп қарастырған ғалым: (А.Байтұрсынұлы)
“Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп, дүниеге келеді. Сонан соң шешендер ,” тіл көсемдері “бұл тілді безеп , салады... деп айтқан : ( А.Байтұрсынұлы)
“ Біз тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек , өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқылып , сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз, ”- деген пікірдің иесі: ( А. Байтұрсынұлы)
Әдеби терминдерді қазақша қалыптастырған А.Байтұрсынұлының еңбегі : (“ Әдебиет танытқыш”)
А.Байтұрсынұлының “Әдебиет танытқыш ''еңбегі жарияланған жыл :(1926 ж)
“ Көркем өнерінің тараулары”, “Сөз өнері” бөлімдері А.Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән? (“ Әдебиет танытқыш” )
“Шендестіру” , “кейіптеу” терминдері А. Байтұрсынұлының қай еңбегіне тән : (“ Әдебиет танытқыш” )
“ Өнердің ең алды – сөз өнері”. Мұны қазақ сөз баққан ,сөз күйттеген халық барлық сөз қадірін білгендіктен “Өнер алды -қызыл тіл “-деген “Төмендегі пікір айтылған А. Байтұрсынұлының еңбегі : ( Әдебиет танытқыш)
*** А.Байтұрсынұлына тән қасиет(тер) : ( * “Қазақ” газетінің редакторы, * Қазақ әдебиетінің терминологиясын қалыптастырушы; * Қазақ тіл білімінің негізін салушы)