1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері



бет12/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Әдебиет жауаптар

Сурет бойынша мазмұндама жазғызу.
Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөлуге болады.

1. Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала
дайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін кұрайды.
Алдымен мұғалім суретке байланысты кіріспе әңгіме жүргізеді. Тақтаға
суретті іледі, оның атын жауып қояды.Оқушыларға суреттегі
бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң мұғалім суреттегі
табиғат керінісіне, адамдарға, заттарға көңіл аударады. Суретке ат қояды.
Суретке балалардың қойған аты мен автордың аты салыстырып, осы сурет бойынша алдын ала кұрастырып, дайындап алып келген мәтін тактаға ілінеді. Оны бір оқушыға окытады. Мұғалім мәтінді ырғағына келтіріп, өзі бір рет окып шығады.Мәтінге жоспар жасалып, мазмұндама жазылады.
2. Оқылган мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастыру.
Бұл үшін мұғалім алдымен мәтінді тандап алады. Мәтін суретке құралған,
жігі оңай ажыратылатындай болуы тиіс. Мәтін сыныпта нақышына келтіре
екі-үш рет оқылып, оқиға желісі мен одан шығатын қорытынды сұрақ-
жауап арқылы талқыланады. Әңгіменің мазмұнын балалар толык
меңгерген шамада сол әңгіме бойынша қандай сурет салуға болатыны
сұралады. Окушыларға ойлануға уақыт беріледі. Олардың берген
жауаптарынның ішінен дұрысы таңдалып алынады. Мұғалім мәтінді
бейнелейтін суретті күні бұрын дайындап алуы тиіс. Бұл суретті мәтінді
талдау жұмысы аяқталып, ол бойынша қандай сурет салуға болатыны
анықталғаннан кейін тақтаға ілінеді.
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм соңғы жылдары мектеп өмірінде көп қолданыла бастады. Кино оқушылар арасына тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы күшті кұралдың біріне айналып отыр. Кино, диафильмдердің әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға әсері күші. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.
Шығармаға жоспар құру.
Шығарма жазуға үйрету - қазіргі кездегі әдебиет сабағындағы өзекті мәселе. Шығарма жұмысы мұғалімге оқушының ішкі әлемін тануға, шығармашылық қабілетін айқындауға мүмкіндік береді. Шығарма жазуға төселдіру болашақ қоғам мүшесін, тұлғасын тәрбиелеуге ықпал ететін философиялық мәселе. Шығарма - оқушының белгілі бір мәселе бойынша, қоршаған орта жөніндегі өзінің көзқарасын, ішкі ойын білдіруге мүмкіндік беретін алғашқы ұмтылысы. Тіл дамыту бағдарламасына сәйкес барлық сыныптарда әңгіме түріндегі шығарма жаздырылады. Ал, бастауыш сыныптарда‑ақ, суреттеу, ойын талдау түрінде беру талап етіле басайды. Шығарма жаздыру алдында әңгімелесу түріндегі дайындық жасалып, оқушылардың алған әсерлері реттеліп, әңгіме сюжетінің сұлбасы жасалады. Жалпы, шығарма жұмысына оқушыны дайындаудың элементі үнемі жүзеге асып отыру керек. Мәселен, ауызша сөйлеу, әңгімелеудің өзі алдымен сыныпқа жалпы беріліп, одан жеке әңгімелеуге көше бастайды. Ауызша мазмұндау оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіреді және ауызша сөйлеу шеберлігіне бастайды. Оқушы белгілі бір оқиғаны, тақтаға ілінген суретті бейнелеп айтып беруге дағдыланады. Сол сияқты, оқушының оқыған кітабы, көрген фильмі, спектаклі туралы әсерін айтқызып, шағын түрдегі пікірін жазғызу да керек. Әрине, оқушы пікірінде кітапқа немесе фильмге баға беру байқала қоймайды. Керісінше, оқушы олардың мазмұнын жазумен шектеледі немесе өзінің есінде қалған бір эпизод туралы жазады. Мұның өзі де пайдалы, себебі алдымен оқушының есінде оқығаны немесе көргені сақталған; екіншіден өзіне айырықша ұнаған бөлікті даралай алған. Міне, осындай жұмыстар кезінде оқушыға сол мәтін мазмұнының неге ұнағанын, қай кейіпкерлердің әсер еткенін, оның қандай қасиеттері ерекше екендігін айтып, жазатындай бағытқа жетелеп отырған дұрыс. Сонда оқушы мәтін мазмұнын емес, оны талдап, пікірін жаза білуге бейімделеді. Осындай жұмыстардың тиімділігі сонда, оқушылар бірте‑бірте күрделенген жұмыстарға‑еркін немесе әдеби тақырыптарға шығарма жазуға төселеді. Шығарма жұмысын жаздыруда дұрыс, нақты құрылған жоспардың маңызы айтарлықтай. Оқушының өзі жазғалы отырған тақырыбын қалай ашып, қай түрде талдау беретіні, не жазатыны жоспарда айқындалады. Жоспар жасаудың екі әдісі бар: ұжымдық түрде жасау; жеке жасау. Екеуінде де мұғалім жасалған жоспарды дұрыстап, нақтылап отырады. Жоспар шығарманың мазмұн, мәнін ашуға бастайтын жол. Сондықтан жазба жұмысының бұл элементіне жауапкершілікпен қараған дұрыс. Кейде еркін тақырыпқа жоспардың керек еместігі айтылып жатады. Ал, дұрысында қай шығарманың, жазба жұмысының да (ол жұмыста көрсетілсін, көрсетілмесін) жоспары болу керек.Сонымен, оқушыларды шығарма жазуға даярлау кезінде жүргізетін жұмыстар әр тарапты және мақсатты болады екен. Әдебиет үйірмесінде оқушының баяндама жасауы, мақала, әңгіме жазуы, тіпті олардың өмірбаян, хат, күнделік жазумен айналысуы да олардың шығарма жазу дағдысын ұштай түспек.Оқу жылы ішінде жазылатын шығарма тақырыптары күн ілгері жоспарлану керек. Көркем мәтінді бөлімдерге бөліп, әрқайсысына лайықты тақырып қойып, жай немесе күрделі жоспар жасау қажет. Шығарма жоспары кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыпқа шолу жасалып, негізгі ойға бағдар беріледі. Негізгі бөлім шығарманың идеясын ашып, ол нақты ой, мысалдар арқылы дәйектеледі. Қорытындыда негізгі бөлімдегі ой түйінделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет