1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері


Әдебиеттік оқуды оқытудағы негізгі әдіс-тәсілдер



бет8/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Әдебиет жауаптар

Әдебиеттік оқуды оқытудағы негізгі әдіс-тәсілдер.
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады.
Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе –мұғалім оқытуы, екінші мәселе –оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.
1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.
3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Мақал-мәтелдерді оқыту әдістемесі.
Мақал – нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылғанойайтатын халықтық бейнеліпоэтикалықжанрдыңбір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.
Мақалдар көбіне әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлең үлгісінде немесе кейдеқара сөзбенқысқа да нұсқа айтылған нақыл сөз.Ұйқасқа(«Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без»),аллитерацияға(«Етігін шешпей ер шыңаймас»),ассонансқа(«Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар») құрылады.
Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады.Ауыспалы мағынадағысөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді («Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар»), («Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер»), («Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны»), («Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді»).
Мәтел – мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз.
Мәтел – өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет