Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын сол мәтінге байланысты өмірмен байланыстырып ауызша әңгіме айткызады. Дайындық жұмысынан кейін балалар дайын мәтінді оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі қиындық туғызатын сөздерді тақтаға жазып, синонимдік қатарларын айтып,
мағынанасы түсіндіріледі. Жазылуы қиын сөздерді, сөз тіркестерін сыныпта түбір немесе тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасымен берген жөн. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, жоспар кұруға болады. Жоспар бойынша сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ, ауызша қойылып, оқушылар мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтастай оқып шығады. Мазмұндаманы жазуға кіріседі.
Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың бірнеше түрі бар:
• Мәтінінің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем
өзгертіліп жазылады. Негізінен сұрақтарға балалар өз
сөздерімен жауап береді.
• Мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу.
Мұнда оқушылар I жақпен баяндалған оқиғаны III жақпен
мазмұндап береді.
• Ықшамдап мазмұндау. Ықшамдап мазмұндау оқушыларды
шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда
оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, керек жерін алып, өз
ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі
мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтін мазмұлын сұрыптап,
тандап, талғап алуға үйретеді. Ойды аз сөзге сыйғызып
айтуға, сөзді талдап қолдануға, сөйлем құрауға
дағдыландырады, тілдерін дамытады.
• Толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға
керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру. Берілген
сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында
жүргізіледі. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып,
тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберлікері мен ойын
жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде, толықтырып
мазмұндаудьң атқаратын ролі орасан зор.
• Өлең сөзбен мазмүндау. Өлең сөзбен берілген мәтінді
мұғалім мәнерлеп оқиды. Оқушылар түсінгенін өз сөздерімен
мәтін құрап жазады. Кейбір дарынды оқушылар түсініктерін
өлең сөздермен де жазуға болады, Мұндай мазмұндаманың
түрі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып,
қызығушылықтарын туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |