Оқу-әдістемелік топтама. Бала тілін дамытудағы жаңылтпаштардың алатын орны, оны оқыту ерекшеліктері. Халқымыз жас баланың ойлау жүйесін дамыту үшін жұмбақ, санамақ, әртүрлі әңгіме мен тақпақтар, даналық және шешендік сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез есте ұстап, оны ретімен қолдана білген. Соның бірі жаңылтпаш. Тілі жаңа ғана шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналатыны рас. Осы кезден бастап баланың тіл мүкістігін жою мақсатында баламен бірге үлкендер жаңылтпаштарды жаттатып, сөздерді мүдірмей айтуға жаттықтыруы қажет. Мектеп жасына дейінгі баланың тілдік қатынасын сауатты дамытуда жаңылтпаштарды пайдалану дәстүрі ең тиімді тәсіл. Бала тілінің дамуына дикциясының қалыптасуына дыбыстық айырылым белгілері арқылы дыбыстық жүйені меңгерту, есту қабілетін жақсарту болып табылады. Жаңылтпаштарды балабақшада ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің бір түрі ретінде театрландыру арқылы пайдалану кезінде де психологиялық элементтерде ( мимика, понтомимо) қолдануда және кейіпкерлердің (көңілсіз, қуанышты, таңқалу, қорқу) қасиеттерін эмоция арқылы аңғартуға үйретеді, және сөздің астарын түсіне білуге, интоноцияның өзгеруіне байланысты, логикалық ойлау қабілетіне тигізер әсері мол. Жаңылтпашты қолдануда мыналарды үнемі есте ұстау қажет: алғаш жаңылтпашты үйрету кезінде дыбыстың таза, сөздің дұрыс айтылуын қадағалап, сөзі жеңіл айтылатын жаңылтпашты алу керек. жаңылтпашты қолданғанда алғашында жеңілінен бастап біртіндеп күрделендіру қажет. міндетті түрде түсініксіз сөздерді мағынасын түсіндіріп отыру керек. жаңылтпаш тез есте сақталу үшін баланың күнделікті өмірінде кездесетін кей құбылыстармен байланысты болса өте дұрыс. Жаңылтпаштың ерекшелігі айтылуы қиын сөздерді тілдің ішкі үйлесіміне сай, бірыңғай ұяң, немесе қатаң дыбыстардан келетін сөздермен тіркестіре отырып, қайтақайта айтқызу бала тілінің айқындала түсуіне пайдасын көп тигізеді. Жаңылтпаштың тиімділігі тек тілдік дикцияның дамуына ғана емес, сонымен қатар қызықты қиялды ойындарға пайдалану жұмысының да, баланың шығармашылық қабілетіне тигізер әсері мол болмақ.