1-блок сұрақтары Лингвомәдениеттану — тіл жөніндегі гылымның бір саласы Тіл мәдениет құралы


әл-Фараби. “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Аристотель еңбектеріне түсініктеме,\ “Өлең өнерінің қағидалары туралы” еңбектеріне шолу



бет23/24
Дата20.04.2022
өлшемі42,27 Kb.
#31660
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
1-блок с ра тары Лингвом дениеттану — тіл ж ніндегі гылымны бір

67. әл-Фараби. “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Аристотель еңбектеріне түсініктеме,\ “Өлең өнерінің қағидалары туралы” еңбектеріне шолу.

әл-Фараби атақты ақын ғана емес, өз дəуіріндегі логика мен эстетиканы, музыка өнерін, өлең сөздің теориясын жетік меңгеріп, ғылыми тұрғыда зерттеген трактаттар жазды. Оның ішінде əдебиеттанудың өзекті салаларына арналған еңбектерінде əдебиеттің теориялық мəселелеріне байла- нысты өзіне дейінгі айтылып келген көзқарастарды жүйелеп, ғылыми тұрғыда дамытты. Сол арқылы əдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің танымдық сипаты кеңейіп, филологиялық білімдер жүйесі қалыптаса бастады, практикалық қолдану аясы да кеңейе түсті. Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактатында Аристотельден басталып ғасырлар бойы зерттеу нысанасына айтылып келе жатқан əдебиетті теориялық тұрғыдан тану жайындағы көзқарас жалғасын тапты. Онда поэзия туралы негізгі түсініктер кеңейіп, өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігі анықталды. Фараби өзі қарастырған музыка, риторика, сурет өнерлерімен салыстырғанда поэзияның сөз өнері ретіндегі сипатын, негізгі қағидаларын ғылыми жүйелеу арқылы ашып береді. Əл-Фараби поэзияның өнер саласы ретіндегі негізгі табиғаты болып табылатын қағидаларын ақындар да, ғылыми тұрғыда зерттеушілер де толық түсініп, меңгеріп алуы қажеттігін атап айтады. Әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» трактатының ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл кітап негізгі бес тараудан тұрады: 1. Тіл білімі және оның тараулары; 2. Логика және оның тараулары; 3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым; 4. Физика мен метафизика және оның тараулары; 5. Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және кәләм (дін ғылымы). Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы; мәнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу, шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас және поэзия болып үшке бөлінеді. Фараби Аристотельдің “Категориялар”, “Мета­физика”. “Герменевтика”, “Риторика”, “Поэтика”, бірінші және екінші “Аналитика” т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған. Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель дүниені материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіруші, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Ал орта ғасырларда кейде түсінбегендіктен, кейде түрлі діни ағымдардың әсерінен әдейі Аристотельдің құнды-құнды материалистік идеялары бұрмаланып, шатастырылып жіберілген. Тіпті араб Шығысында кейбір грек идеалистерінің еңбектерін Аристотельге телушілік орын алды. Фараби Аристотельдің мұраларын, пікірлерін ондай бықсықтан тазалап, аршып өз калпында түсіндіруге тырысты. Әбунасырдың көзкарастарында да неоплатонизмнің, исламдағы суфизмнің біраз әсері байқалғанмен ол бүл міндетті тамаша атқарып шықты. Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де жасаған ғылыми еңбектерінін бірі осы. Сондықтан да Шығыс философтары оны “Ал муаллим ас-сани” — екінші ұстаз деп атаған. “Бірінші ұстаз” — “ал муаллим ал аууал” деп олар Аристотельді атаған. Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі кала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Бақытқа жету” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби Аристотель еңбектерін барлық қырынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет