1-блок сұрақтары Лингвомәдениеттану — тіл жөніндегі гылымның бір саласы Тіл мәдениет құралы


А.Байтұрсыпұлының «Тіл-құралы» - қазақ грамматикасының иегізі



бет18/24
Дата20.04.2022
өлшемі42,27 Kb.
#31660
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
1-блок с ра тары Лингвом дениеттану — тіл ж ніндегі гылымны бір

5. А.Байтұрсыпұлының «Тіл-құралы» - қазақ грамматикасының иегізі.

6. Қ.Жұбановтың қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне қатысты тұжырымдары.

7. Қазақ грамматикасы мәселелерінің түркітанушы ғалымдардың еңбектеріндегі сипаты.

8. Қ.Жұбановтың қазақ тілі жөніидегі зерттеулері.

9. Қазіргі кезендегі морфологиялық зерттеулердің қазақ тілінің грамматикалық теориясын толықтырудағы маңызы мен рөлі.

10. А. Ысқаковтың морфологиялык еңбектеріндегі морфологиялық санаттар мен сөз таптары

А. Ысқақов грамматикалық категория ұғымын «тілдегі өзіне тəн грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына» ретінде қарастырады. А. Ысқақов грамматикалық категорияларды ішінара морфологиялық жəне синтаксистік категориялар деп екі түрге бөліп қарастырады. Соның ішінде морфологиялық категория морфология саласында, синтаксистік категория синтаксис саласында қарастырылады. А. Ысқақов морфологиялық категорияны «жеке сөздердің өзгеруі (түрленуі) арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналар» деп атайды. Ғалым сөздерді сөз таптарына бөлуде «ең алдымен олардың грамматикалық категорияларына қарап, топ-топқа бөліп, грамматикалық сөз таптары деп танитындығымызды» айтады. Н. Оралбай қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар жəне грамматикалық категориялары жоқ сөз таптары да кездесетіндігін ескеріп, грамматикалық категорияны «сөз табының міндетті белгісі емес» деп көрсетеді. Егер қазақ тілінде зат есім, сапалық сын есім жəне етістіктен басқа сөз таптарының арнаулы грамматикалық категорияларының жоқ екендігіне жəне соған қарамастан олардың сөз таптары ретінде танылатындығына назар аударсақ, екінші пікірді негізді деуге болады. А. Ысқақов атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп үш топқа бөледі. А. Ысқақов атауыш сөздерді есімдер жəне етістіктер деп екі топқа бөліп, есімдердің өзін іштей атаушы есім жəне үстеуші есім деп жіктейді. Ғалым атауыш сөздерді осылайша топтастыруда олардың заттық мағыналары негізге алынбайтындығын, керісінше, категориялық семантикаға баса назар аударылатынын ескертеді. Ал көмекші сөздерге тек шылауларды жатқызып, олардың негізгі үш түрін (жалғаулық, демеулік, септеулік) бөліп көрсетеді. Сөздерді таптастыру қағидаттарына қатысты А. Ысқақовтың пікірін сараласақ, ғалым тілдегі барлық сөздерді таптастырғанда олардың лексика-семантикалық жəне грамматикалық жақтары бірдей ескерілуі керек деген тұжырым жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет