68. Р.Нұрғали. Қазак әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, 2002 (талдау)
профессор Рымғали Нұрғалидың бұл кітабында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің Ахмет, Әлихан, Мағжан, Міржақып, Мұхтар, Сәкен, Ілияс, Сәбит, Ғабит сынды алып тұлғаларының шығармашылық тағдыры ұлттық рухтың бейнелену деңгейі тұрғысынан жаңаша зерттелген. Әдебиет тарихында көрнекті орын алған алаштықтардың асыл қазынасын жан жақты саралап, ғылыми тұрғыдан оларға баға береді. Аталған кітаптарында ғалым ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті тұлғаларының әдеби мұраларын тұтас бір көркемдік құбылыс ретінде қарау керектігі туралы ұсынысын білдіреді.
69. ЖОО оқулықтарының кешенді білім берудегі ақпараттық рөлі
70. Әдіскер-ұстаз Ә.Қоңыратбаевтың еңбектері
Қоңыратбаев Ә.-тұңғыш әдебиетті оқыту әдістемесінің іргесін қалаушы. «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»(1962), «Әдебиетті оқыту методикасы»(1966)еңбегі. «Әдебиеттік оқудың басты міндеттерінің бірі қоғам өмірі,адам проблемасы жайында ұғым,білім берумен қатар жастардың мінез құлқын, тұлғасын жасап,идеялық адамгершілік тәрбие беру болмақ.»Еңбекте әдебиеттік оқудың міндеті мен методикасы, көркем мәтін бойынша жұмыс істеу,көркем мәтін бойынша шығарманы тапдау, жанр оқытудың методикасы , жазба жұмыстар туралы айтылды.Мектептегі қазақ әдебиетінің әдебиеттік оқу сатысының әдістемесін ғылыми түрде зерттеуі,мектептегі әдебиетті оқытудың жүйесін толық қарастыруы,жазба жұмыстар жүйесін қарастыруы, «Мұны тарихи,ғылыми курс деп атауымыз бір жағынан балаға бір кезеңнің әдебиетін мен тарихы туралы мәлімет береді...»деуі,яғни оқушыларға әдебиетке заман тұрғысынан баға беруге үйрету негізгі орынға қойылған. Автордың кемшілігі:әдебиетті көркем өнер ретінде қабылдай оқытуды қарастырмағаны,жеке өлеңдер ,дастандарды , ауыз әдебиеті үлгілерін , прозалық шығармаларды драманы оқыту әдістері толық ашылмаған.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына айрықша еңбек етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |