Сұрақ-жауап түріндегі тест
1. Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр ,топ алдынды табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы жыр жарысы: Айтыс
2. «Айтыс-сөз барымтасы» деп айтқан ұлы жазушы ғалым: М.Әуезов
3. Айтыстың бастау бұлағы: тұрмыс – салт жырлары
4.Айтыстың ең ежелгі түрі: Бәдік айтысы
5. Айтыстың түрлері: 1. Бәдік айтысы
2.Жар-жар
3.Жануарлар мен адамның айтысы
4.Өлі мен тірінің айтысы
5.Жұмбақ айтыс
6.Салт айтысы
7.Қыз бен жігіт
8. Ақындар айтысы
9. Осы күнгі айтыстар
6. Айтыста ұшырасатын сипаттар: драмалық, эпикалық, лирикалық
7. Ақындар өлеңінің қасиеті: «Киесі бар, иесі бар»
8.Айтыскер ақындардың жеңілу себептері: Аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан
9. Айтыс жанрына тән сипаттама: Синкреттік өнер
10.Айтыс жанрын арнайы зерттеген ғалымдар тобы: Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамеұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов,М.Ғабдуллин., Қ.Жұмалиев т.б.
11. Ш.Уалиханов зерттеуінде ерекше тоқталған айтыс ақындары: Түбек, Жанақ, Шөже, Орынбай
12.Шоқанның өзі соқыр болса да, ел ішіндегі білгірі, ерекше тұлғасы деп таныған айтыс ақыны: Шөже
13. Қазақ айтыстарының жанрлық сипатта бөлінуі: 1.Түре айтыс 2.Сүре айтыс
14.Екі ақынның кезектесіп бір шумақты өлеңмен жауаптасуы: Түре айтыс
15. Екі ақынның көп әңгімені қамти, дамыта және бірнеше шумақпен ұзағынан жауаптасуы: Сүре айтыс
16. Түре айтысқа жататын айтыстың түрлері: «Жар-жар», «Бәдік»
17. Сүре айтысқа жататын айтыстың түрлері: Айсұлу мен Кемпірбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған
18. Айтыстың мазмұндық сипатына қарай бөлінуі: 1.Әдет- ғұрып айтысы 2.ақындар айтысы
19. Айтыстың тақырыбына қарай бөлінуі: 1.Жұмбақ айтысы 2.Мадақ айтыс
20. «Бәдік» сөзінің мағынасы: Делбе, мал ауруының айналма түрі, бәдік ауруына қарсы сиқыр арбау ұғымынан туған айтыс
21. Бәдік айтысы орындалатын мезгіл: кешкі уақыт
22. Бәдік айтысының шығу тегі: Бәдік ауруына қарсы, сөзбен, өлеңмен сиқырлап арбау нанымынан туған
23. Бәдік айтысы кезінде шумақ соңында міндетті түрде айтылатын сөз: Көш, көш!
24. Айтыстың төрт түлік малмен байланыстыратын түрі: Жануарлар мен адамның айтысы
25. Қасқырмен айтысқан ақын: Шашубай ақын
26. Жұмбақ айтысын жасаған ақындар: Әсет пен Ырысжан, Нұржан мен Сапарғали
27. Жұмбақ айтысының ерекшеліктері: суырыпсалмалық пен шапшаңдық, білімділік
28. Сал айтысының бөлінуі: Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы
29. Көгілдірік ендеше, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік.
Осындай бірме бірге кез келгенде
Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп- деп келетін айтыстың түрі: Қыз бен жігіт айысы
30. Қыз бен жігіт айысының ақындар айтысынан өзгешелігі: ойын-сауыққа тән қалжың әзілдер
31.Айтыс жанрының ішіндегі ең көлемдісі де күрделі түрі: ақындар айтысы
32. Ақындар айтысының басты ерекшеліктері: 1. Белгісіз тақырыпқа табан астында шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |