1-бөлім: Гормондар


Ұсынылатын фильм – Гормондармен танысу Қосымша сұрақ



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі1,6 Mb.
#65487
1   2   3   4
Байланысты:
796a86dc-5aee-4b4c-876c-f28695af00fd

Ұсынылатын фильм


Гормондармен танысу


Қосымша сұрақ

C2. Егер өте көп немесе өте аз гормон бөлінсе, не болады?


Гормондардың дұрыс мөлшерде бөлінбеуі ағзаның қызметіне жағымсыз әсер етеді, тіпті кейде өлімге соқтырады. Сусамырмен ауыратын адамдарда инсулин жеткілікті бөлінбейді. Сондықтан, олардың ағзасынагормон жіберілмесе, қандарындағы қант мөлшерін бақыланбайды. Әлемде өмір сүрген ең ұзын адамдардың кейбіреулерінің бойлары шамамен 9 футқа (2.7м) дейін жеткен. Себебі, олардың өсу гормоны өте көп мөлшерде бөлінген


  • Гормондар қалай жұмыс істейді?


Гормондардың көпшілігі – ақуыздар, кейбіреулері ғана – стероидтар. Олар ерекше құрылымға ие, сондықтан, қосымша рецепторлары бар жасушалармен байланысып, оларды ынталандырады. Гормонның нысана- жасушамен байланысуы жасушаны белгілі бір әрекетке келтіреді. Мысалы, жасушаның бөлінуіне немесе оның басқа гормонды өндіруіне әкеледі.


ДИАГРАММА 02:

    • Ұсынылатын фильм


Гормондармен танысу


Қосымша сұрақтар


C3. Стероидты гормондарға нелер жатады?
Стероидты гормондарға кортизол, тестостерон, эстроген және прогестерон жатады.
C4. Анаболикалық стероидтар дегеніміз не? Анаболикалық стероидтар – тестостеронның әрекетін қайталайтын химиялық заттар.
Олар химиялық тұрғыдан тестостеронға
ұқсас болғандықтан, жасушалардағы тестостерон рецепторларымен байланыса алады. Нәтижесінде, аталық қосымша жыныс белгілерін қарқынды дамытады, әсіресе, бұлшықеттің өсуін жылдамдатады. Міне, сондықтан, бодибилдерлер мен атлеттер оларды допинг ретінде жиі пайдаланады.


2


БИОЛОГИЯ АДАМ ГОРМОНДАР


Адреналин – тез әсер ететін, бүйрекүсті бездерінен бөлінетін гормон. Адреналин қандай да бір қауіп туғанда қанға бөлінеді. Ол ағзаны күресу немесе қашу арқылы қауіпке қарсы тұруға дайындайтын “күресу немесе шегіну әрекетіне” әкеледі. Жүректің соғысы және тыныс алу жиілігі артады, көз қарашықтары кеңейеді, тер бөлінеді және қандағы қант мөлшері артады..


1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет