-Аумақты су тасқыны (су басу) пайда болған кезде.
Жетісай ауданының атқарушы органының су тасқынының салдарын жою жоспары іске қосылады.
Дайындық жұмыстары жүргізу барысында жарылыс заттарының, отынның (жанар-жағар май), қаптардың және инертті материалдардың қажетті қоры жасалады. Қорғаныс дамбаларын күшейту жұмыстары жүргізіледі. Гидрологиялық бақылау бекеттері ұйымдастырылады. Анағұрлым қауіпті бұзылуы мүмкін қорғау дамбаларына және орындарға жауапты лауазымды тұлғалардың және инженерлік техникалардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Ағысы қауіпті өзен бойларына патрульдік-бақылау топтарының үздіксіз бақылау жүргізуі ұйымдастырылады.
Жылжымалы басқару бекетін дайындыққа келтіру керек.
Жетісай аудандық Азаматтық қорғаныс Өртке қарсы қызметінің атқаратын іс-шаралары бейбіт уақытқа арналған Азаматтық қорғаныс жоспарының күнтізбелік жоспарында көрсетілген.
-Қауіпті гидрометоерологиялық жағдайлар пайда болған кезде.
Қар көшкіндері кезінде зардап шегушілер туралы ақпараттарды алған кезде шұғыл түрде төтенше жағдай ауданына іздестіру тобын және адамдарды құтқару және қауіпсіз аумаққа алып шығу топтарын жіберу керек.
Жетісай аудандық Азаматтық қорғаныс Өртке қарсы қызметінің атқарпатын іс-шаралары бейбіт уақытқа арналған Азаматтық қорғаныс жоспарының күнтізбелік жоспарында кқрсетілген.
-Қауіпті жұқпалы аурулар немесе халық арасында жаппай жұқпалы аурулар (эпидемия немесе эпизоотия), сондай-ақ эпифитотия пайда болған кезде.
Жетісай ауданының жергілікті атқару органының, дәрігерлік және ветеринарлық қызметінің төтенше жағдайды жою жоспары іске қосылады.
Аса қауіпті инфекцияның ошағы анықталған аумаққа барлау жүргізу Азаматтық қорғаныстың дәрігерлік қызметінің санитарлық-эпидемияға қарсы топтарын тарту арқылы мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау және ветеринарлық қызметі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен іске асырылады.
Аса қауіпті инфекцияны немесе жаппай жұқпалы ауруларды (эпидемияны) жою және таралуын шектеу бойынша карантин жариялау және басқа да қажетті шаралар Азаматтық қорғаныстың дәрігерлік қызметінің күшімен іске асырылады.
Эпизотияны және эпифитотияны жою Азаматтық қорғаныстың жануарларды және өсімдіктерді қорғау қызметінің күшімен іске асырылады..
-Аудан аумағында жер сілкінісі пайда болған кезде.
Жергілікті атқарушы органмен «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер жоспары» іске қосылады.
Жетісай аудандық Азаматтық қорғаныс Өртке қарсы қызметінің атқаратын іс-шаралары Бейбіт уақытқа арналған Азаматтық қорғаныс жоспарының күнтізбелік жоспарында көрсетілген.
Қалалық АҚ және ТЖ өртке қарсы қызметі Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын орындау, облыс көлеміндегі төтенше жағдайлардың салдарынан халықты және аумақты қорғалуын қамтамасыз ету үшін құрылған.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орын алғна кезінде АҚ іс-шараларына жалпы басшылық өртке қарсы қызметінің бастығы арқылы жүзеге асырылады.
Іс-шараларды атқару барысында қызметкерлер мен басшы құрам жалпы жағдай бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі, жағдайдың өзгеруіне байланысты дер кезінде қалалық АҚ штабына баяндалады.
АҚ құрылымдарымен, басқа да қызметтерімен басқару тиісті бұйрықтарды беру, оларға қалыптасқан жағдай туралы мәліметті жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |