1-БӨлім. Жетісай ауданының қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғы және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау


Бет-бедері, климаты, өсімдіктері, гидрографиясы



бет2/5
Дата05.04.2023
өлшемі25,13 Kb.
#79579
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ләззат 2

Бет-бедері, климаты, өсімдіктері, гидрографиясы.

Климаты континенттік, қысы, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4 шілдеді 28-29 . Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. «Достық» (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы-ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктері, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Ауданда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды суілар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары. Жетісай ауданының ауа-райы тез құбылмалы. Қысы (желтоқсан-ақпан) жалпы жылылау. Қыста ауа температурасы шамамен күндіз -2-10 градус, түнде -10-15 градус шамасында. Қыс қатты болған жылдары ауа температурасы -10-15 градусқа дейін төмендейді. Қыста түсетін қардың қалыңдығы шамамен 15-20 см құрайды. Көктемде (наурыз-сәуір) тұрақсыз ылғалды ауа-райы тән. Жылдық жауын-шашынның барынша көп мөлшері жаңбыр, кей кездері жұқалаған қар түрінде көктемде түседі.


Жазы (мамыр-қыркүйек) ыстық және құрғақ. Ауа температурасы күндіз +40 градусқа дейін көтеріледі, түнде +20- +25 градусқа дейін түседі. Жаңбыр аз жауады.
Күзі (қазан-қараша) ашық әрі құрғақ болып келеді. Жылдың әр кезінде болатын желі солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/сек жылдамдықта соғады.
Климатологиялық мәліметтер ҚНжЕ «Құрылыс климатология» 2-04-01-2001 тарауына сәйкес қабылданған. Желдің бағыты – оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, жылдамдығы секундына 2-5 метр.
Ауданда дихандар егістік жерлерге шитті мақта, дәнді дақылдар, бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп) жеміс-жидек, жүзім, азықтық дақылдар, бидай, көкөніс, бақша өнімдері егіледі.
Аудан халқы шаруашылығының бас салалары: егіншілік және мал шаруашылығы. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жері __________ мың га, оның ішінде: суармалы жерлер __________ мың га, қыраттық егістік жерлер __________ мың га, шабындық-жайылым жерлер __________ мың га, орман-тоғайлы жерлер __________ мың га.
Ауданда өсетін өсімдіктер негізінен ауылдар, елді мекендер аумағындағы немесе маңындағы жемісті ағаштар баулары (алма, алмұрт, өрік, т.б.), бақша өсімдіктерінің егістіктері болып келеді. Сондай-ақ, өзен-көлдер мен арықтардың жағалары мен сағаларында, терек, тал, қарағаш, алма, алмұрт, жаңғақ, жыңғыл, жиде, секілді ағаштар өседі.
Жалпы ауданның барлық топырақты жерлеріне жалбыз, бидайық, жоңышқа, арпа, бидай, мақсары, жүгері секілді шөптер мен өсімдік түрлері өсетіндіктен шалғынды болып келеді.
Жетісай ауданның аумағымен ұзындығы 24 шақырымды құрайтын Сырдария өзені ағып өтеді. Өзеннің ағысының жылдамдығы шамамен секундына 2-3 метрді құрайды, орташа тереңдігі шамамен 25-30 метр. Өзен табаны батпақты-тастақты. Жағасы жарқабақты. Көктемді кезеңде суы молайып, тасқынды болып келеді. Жаз кезінде өзеннен суармалы егістік алқаптарына су алынатындықтан су деңгейі күрт төмендейді. Ені орташа 400-600 метр. Сондай-ақ, аудан аумағымен ағып өтетін Достық каналы және одан бөлек 36 каналдары бар.
Бұл өзендер ауданның экономикалық және әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл өзендер елді мекендерді суландыруға, ауылшаруашылық және өндірістік мақсатқа, суармалы егістіктерді сумен қамтамасыз етуге, т.б. да мақсаттарда пайдаланылады.
Жетісай ауданының аумағымен ұзындығы __________ шақырымды құрайтын Сырдария өзені ағып өтеді. Өзеннің ағысты қатты емес, тереңдігі шамамен __________ метрді құрайды. Өзен табаны батпақты-тастақты. Жағасы жарқабақты. Көктемді кезеңде тасқынды болып келеді. Жаз кезінде өзеннен суармалы егістік алқаптарына су алынатындықтан су деңгейі күрт төмендейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет