Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма
Координата жазықтығында лақтың қозғалыс бағыты берілген (6-сурет). Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазыңдар.
|
Дескриптор
Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтайды.
Лақ жүріп өтетін нүктелердің координаталарын анықтап, жазады.
|
Қалыптастырушы бағалау
Жұптасқан оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жеке жұмыс
3- тапсырма
7-інші және 8-суреттерде берілген жоба скриптері орындалғанда, кейіпкер қозғалысын бағала. Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай сызба пайда болады?
|
Дескриптор
Берілген жоба скриптері орындалғанда кейіпкер қозғалысын бағалайды.
Кейіпкер қозғалысының ізін қағазға түсірсек, қандай сызба пайда болатынын анықтайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай өздерін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Топтық жұмыс. «Қар үйіндісі» әдісі
Біріншіден, оқушылардың әрқайсысы жеке жауап беруі керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
|
4- тапсырма
Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың қандай тиімді жағы бар?
1-кестедегі командалардың арасында ең көп қолданылатын команда қай команда? Себебін түсіндір.
Дескриптор
Кейіпкерді қозғалтуда координаталарды қолданудың тиімді жағын айтады.
Ең көп қолданылатын команда түрін атайды және себебін түсіндіреді.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
«Үш пікір» әдісі
Ортаға өтілген тақырып параққа жазып тасталады. Сол тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір білдіруге мүмкіндік жасайды.
|
|