1-бөлім. Программалау (ортақ тақырыбы: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)


ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)



бет33/35
Дата03.12.2023
өлшемі411,87 Kb.
#133737
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
1т-3кл

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу
«Жәшіктегі кітаптар» әдісі
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді.
Мұғалім: «Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға сыйлығымыз бар».
Оқушылар: «Кітап».
Мұғалім: «Дұрыс, кітап!».
Оқушылар әрқайсысы өз кітаптарын алып, 5 минут көлемінде мұғалімнің тапсырмасы бойынша кітаптағы тақырыптың мәтінін оқиды. Содан соң балалар 5 минуттай бір-біріне осы оқулықтағы тақырып туралы ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-біріне сұрақтар қойып, ойларын толықтырады.




Топтық жұмыс
«Кезбе тілші» әдісі
1-тапсырма
Төменде 1-кестеде сауалнама берілген (1-кесте). Сыныптастарыңның арасында сауалнама жүргізіп, кестені толтырыңдар. Оқушының пайдаланатын желісіне немесе мессенджеріне «+» таңбасын қойыңдар.
Кестені өңдеуге арналған сұрақтар:

  1. Сыныптастарың әлеуметтік желі мен мессенджерді көп пайдалана ма?

  2. Сыныптастарың мен құрдастарың мессенджерлерде құрған ортақ топ бар ма?

  3. Ең көп қолданылатын әлеуметтік желі қайсы?

  4. Ешқандай әлеуметтік желі пайдаланбайтын оқушылар бар ма? Нешеуі қолданбайды? Неге қолданбайды?

Дескриптор

  • Топ ішінен тілші тағайындайды.

  • Сауалнама жүргізіп, кестені толтырады.

  • Сұрақтарға жауап беріп, себебін анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет