1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу



бет2/16
Дата15.10.2023
өлшемі176,85 Kb.
#115333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу-emirsaba.org

Ксенофан (б.з.д. 6 - 5 ғғ.) - Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «Адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді», - дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. Болмыс - барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді - от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады. «Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», - дейді.

Зенон (б.з.д. 490 - 430 жж.) - Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. Зенон философия тарихында «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. Aporia – тығырыққа тірелу, шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама - қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
4. Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді[8]. Аты "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орыны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр[9]. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты[10]. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады[11]. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды.
18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы – б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон Аристотельді өте ұнатты деу қиын, Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Әрине, ол бүкіл өмірінде Платонға деген құрметінен айныған жоқ.
Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай Афинадан кетеді[12]. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Гермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Одан туған қызды да Пития деп атады. Гермиас бір реткі бүлікте кездейсоқ өлтірілген соң Аристотель отбасымен Кіші Азиядан кетуге мәжбүр болады[13]. Сол кезде Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге (Македондық аты Александр) тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ берген[14]. Ол Ескендірді "Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға" үйретеді[14].


Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика, саясаттану және философия үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті. Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Аристотельдің саяси көзқарасы түрлі басқару тәсілдерінің озық үлгілерін өзара тоғыстыру, әсіресе аристократия мен демократияны бірлестіру болғандықтан, Ескендірдің орталықтандырылған империясы жабайылыққа қайту есептеген.
Ескендірге бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін[15] Аристотель Афинаға қайтып оралды. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагиралық Герпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Б.з.д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат. Lyceum) ашты. . Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін "серуен философиясы" деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші (Перипатетик) деп атайды. Шығыс ойшылдар: Әл-КиндиӘл-ФарабиИбн СинаИбн-Рушд қатарлы - Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар, «мұсылман перипатетиктері» деп аталады.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін[15]. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтар жазғаны белгілі, бірақ ол диалогтарының аз бөлігі ғана сақталған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан, көпшілігі жалпы таратуға арналмаған.


Ғылым шынайы мағынада Аристотелден басталды, сол себепті кейінгі ғалымдардың бәрі Аристотельге қарыздар деп есептеледі[16]. Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомияастрономияэкономикаэмбриологиягеографиягеологияметеорологияфизиказоология салаларын зерттеді, философия саласында эстетикаэтикасаясатүкіметтануметафизикапсихология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиетпоэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған[17].
Ескендір қайтыс болғаннан кейін[18] Афинада македондықтарға қарсылық үдеді. Өздерін басқалардан мәдениетті (өркениетті) сезінген гректер "жабайы" (варвар) македондықтардың отары болуға онсыз да төзімсіздік таныту күйінде еді. Аристотель отаршылдардың ойшылы, ұлт сатқыны ретінде гректердің өзіне тым ұнай қойған жоқ. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға философтарға қарсы екінші рет қиянат (Сократтың айыпталуы мен өлімге кесілуі) жасатпаймын»,[19][20]- деп, Ликейді перипатетик Теофрастқа (гр. Θεόφραστος) қалдырып, анасының Халкидадағы (лат. Chalcis) иелігіне бас сауғалап барды. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқашығарған әділетсіз сот үкімі, яғни демократиялы Афина жағынан "жастарды аздырды, жалған Құдайға сенді" деп айыпталып, у ішіп өлу жазасына кесілуі болатын. Бірақ бір жыл өтпей (б.з.д. 323 жылы) ол Евбеяда ауырып қайтыс болды. Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады[21][22][23][24].
Философия
Аристотель өзінің «Метафизика» еңбегінде тұңғыш сөзді «Адам табиғаты білуге құштар...» дегеннен бастайды. Бұл ақыл-парасат пен ғылыми білімнің адамзат үшін маңызын да, ғаламат құдіретін де, айырықша салмағын да аңғартса керек. Аристотельдің ойынша адам ғылым мен философияға тек табиғи қажеті қанағаттанып, қоғамның материалдық деңгейі толысып, бос қалған кезде (бос уақыты болған кезде) басталады және ол көбінесе таңырқауды алғашқы себеп етеді.
Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып, жаңа жүйеге келтіріп, түрлі ғылым саласынан көптеген құнды еңбектер жазып қалдырды. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет