Оптимизм - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылык. Дүниеде ізтілік үстем болады, әділет салганат күрады және барша жүрт бақьттка кенеледі деген сенімділікке негізделген дүниетану түсінігі пессимизмге карамақайшы. "Оптимизм" термині алғаш рет біздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқдралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды. Оптимизм тікелей сезімдік дүниетану түсінігіне де, түтастай дүниетанымға да төн болуы мүмкін. Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген кезеңцерде адамдардың көңіл күйінде үстем болын, оларды дүниеге және өз тағдырына әрекетшіл, белсенділікпен карауға ынталандырады. Оптимистік ауан әлеуметтік сілкіністер кезінде де пайда болын, оларды еңсеруге жәрдемдесуі мүмкін. Оптимизм тұтас алғанда сындарды, адамдарды болмыска көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Канағатшылдық, қуанышы, бақыты сүйініштерімен ұштасады. Алайда, ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен үттаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, тұлғаның орнықты психологиялық ұстанымы нысанына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда санада адамдарды бағдарынан жаңылдыратындай, уақытша дұрыс шешімге келуіне, қоғамдық үрдістерге араласуына кедергі келтіретіндей әртұрлі жалған үміттер үялайды. Мұндай көңіл күйде қоғамдық сана сезім баскдцай мүдце көздеген адамдардьщ тарапынан бұрмалауға, өз мақсаттарына пайдалануына оңай беріледі. Кейін бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, Оптимизм орнына пессимизм басым болуы мүмкін. Қоғам сындарды өзгерістер жағына іс-жүзіне ауысқанда ғана адамдардьщ сана-сезімі болмысты неғүрлым жарқын өміршендік ауанда бағамдауға ойысады. Зұлымдық жеңіліп, ізтілік үстемдік ететін қоғам орнатуға болады дейтін түсініқтер қиял және осы себепті әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болып шығады. Бұл екі категория — адамзат өмірінің мәңтілік серіқтері және олардың түптамыры — адамның өзінде.[1]
Оптимизм және пессимизм (лат. optіmus – жарқын, pessіmus – қара түнек) – болашақ туралы бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар жүйесі. Оптимизм болашаққа жарқын сеніммен, түбінде жамандықты жақсылық, әділетсіздікті әділеттік жеңеді деген сеніммен қараса, пессимизм, керісінше, сары уайымшылдықпен қарайды. Оптимизм мен пессимизмнің екі тұрпаты бар. Біріншісі, белгілі бір негізде ашық не жасырын түрде қоршаған дүниені қозғалмайтын, мәңгі қатып қалған құбылыс ретінде қарастырады. Екіншісі, жақсылықтың жамандықты түпкілікті жеңіп шығуға немесе керісінше бағытталған күресін тарихи дамуда қарайды. Мұнда тек өмір шындығына ғана емес, оның тарихи даму келешегіне “барлығы да жақсылыққа бастап келеді” немесе “барлығы да құлдырап барады” формулалары бойынша баға беріліп отырады. Бірінші тұрпаттағы оптимизм және писсимизм негізінен ежелгі грек мифологиясы мен соның негізінде дамыған антикөзқарастық дәуір философиясына тән, онда материялық және әлеуметтік дүниенің өмір сүруі жыл мезгілдерінің ауысуы немесе аспан денелерінің қозғалысы сияқты өзін-өзі мәңгі қайталап отыратын құбылыс деп сипатталады. Бұл философия өкілдерінің түсінігі бойынша өмірде де, тарихта да ешқандай “мән” жоқ. Алайда грек философиясының тарихында Платон, Эпикур сияқты оптимистік көзқарастағы ойшылдар болды. Сөйтіп, гректердің көзқарасына космолиттік оптимизм мен тарихи пессимизм тән болды. Оптимистік және пессимистік көзқарастар Қайта өркендеу және Ағартушылық дәуірлерінде де өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, дамып отырды. Болашаққа оптимистік немесе пессимистік көзбен қарау кәдімгі санаға негізделген халықтың дүниеге көзқарасында да үнемі көрініс тапты. Оптимизм тұтас алғанда, сындарлы, адамдарды болмысқа көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Алайда ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен астаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, адамның санасында әр түрлі жалған үміттер ұялатады. Мұндай көңіл-күй ауанында жеке басының мүддесін көздеген адамдар қоғамдық сана-сезімді бұрмалап, өз мақсаттарына пайдалануға тырысады. Бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, оптимизмнің орнына пессимизм дендеуі мүмкін. Қоғам сындарлы өзгерістер жағына іс жүзінде аяқ басқанда ғана адамдардың сана-сезімі болмысты неғұрлым жарқын өміршеңдік ауанда бағамдауға ойысады. Бұл екі категория адамзат өмірінің мәңгілік серіктері және олардың түп тамыры адамның өзінде. Дүниеге, тарихқа және адамға қатысты байыпты, реалистік көзқарас қана адамдардың сенімді болашағын қамтамасыз етеді.
1. Милет мектебінің натурфилософиясы. Алғашқы философиялық мектеп, Милет мектебінің ӛкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен дүниенің пайда болуының алғашқы негізін табиғат заттарынан іздеді. Олар субстанцияны материалды зат деп түсінді. Фалес (б.д.д. 625-547 жж.) – Милет мектебінің негізін салушы, артында үлкен философиялық мұра қалдырған ежелгі грек философы. Ол алғаш рет табиғат құбылыстарын танып білуге талпыныс жасап, табиғат заттарының пайда болуын қарапайым тұрғадан түсіндірді. Фалестің айтуынша, бүкіл әлемнің жаратылыс негізі судан басталады. Су -алғашқы бастау. Бүкіл табиғат құбылыстары, жан- жануарларлар сумен кӛректенеді. Әлемнің орталығын жер деп санаған. Жылды 12 айға бӛліп, 365 тәуліктен тұратын күнтізбені ойлап тапқан. 585 жылы күннің тұтылуын тұңғыш болжап айткан.
Сөйтіп, грек елінде «алғашқы астраном» деген атқа ие болған. Ол Мысырға саяхаттап барып, геометрияны Элладаға алып келген. Математика саласында жаңалықтар ашқан ғұлама. Фалестің шәкірті – Анаксимандр ( б.д.д. 610-546 жж.) болды. Ол бүкіл дүниенің бастамасы, түпнегізі, шексіз субстанция – апейрон деп есептеді. Оның айтуынша, апейронды бір зат ретінде айқындау мүмкін емес,өйткені, ол үнемі қозғалыста, ӛзгерісте тұрады. Оның қозғалысы арқылы әлемде жаңа заттар, құбылыстар пайда болып, енді бір заттар, құбылыстар жойылып жатады. Осылайша, ол дүниенің бір күйден екінші күйге ауысып жататынын, ӛзгерісте, қозғалыста болатынын кӛре білді. Анаксимандр жер бетіндегі тіршіліктің және адамның пайда болуы туралы болжам айтқан философ. Оның айтуынша, тіршілік алғаш рет суда, теңізде пайда болған. Теңіз жыртқыштарынан қашқан кейбір су жануарлары құрлыққа шығып, құрлыққа бейімделіп, тіршілік ете бастайды. Адам құрлыққа шыққан теңіз жануарларының бір түрінен пайда болған.
Анаксимен (б.д.д. 588-525 жж) –Анаксимандрдің шәкірті болған ежелгі грек философы. Стихиялық материалист ретінде, барлық 30 денелердің негізі ауа деп санады. Ӛйткені, ауа бір орында тұрмайды, үнемі қозғалыста болып тұрады. Ауаның қозғалысы барлық ӛзгерістің себепкері болып табылады. Бірде қоюланып, бірде сұйылып, әр-түрлі денелердің, құбылыстардың пайда болуына негіз болады. Ауа құбылып, бірде отқа, бірде желге, бұлтқа, тасқа айналады. Сондай-ақ, ауа – дененің ғана емес, жанның да бастамасы болады. Бүкіл аспан денелері, жер де ауада қалқып жүреді деп айтқан. Грек мифологиясындағы адамның жанын оның тыныс алуымен теңеуіне сүйене отырып, Анаксимандр адамның жаны ауадан пайда болған деген тұжырымға келеді.
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің ӛкілдері дүниенің бастауын табиғат заттарының ӛзіндік ішкі мазмұнынан, мәнінен іздеді. Дүниенің үнемі ӛзгерісте, қозғалыста болатынын байқап, тұрпайы диалектиканың негізін негізін қалады. Табиғат философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Эфес қаласынан шыққан ғұлама ойшыл Гераклит (б.э,д. 544- 483жж) Милет мектебі ӛкілдерінің ілімін жалғастырып, барлық заттардың бастамасы – от деп санады. От – мәңгі. Әлемді де, адамды да құдай жаратқан емес, ол ӛз заңдылығымен жанып тұрған тірі от. Жан да оттан пайда болған. Ол материалды. Гераклит сонымен қатар, дүниенің үздіксіз ӛзгерісте, қозғалыста болатындығын және қозғалыстың кӛзі қайшылықта екеңдігін айтқан алғашқы ойшылдардың бірі. Гераклиттің айтуынша, бүкіл дүние қарама- қарсы құбылыстардан тұрады және олар үздіксіз ӛзгерісте болады. Мысалы, теңіз суы балықтар үшін таза, ал адам үшін арам. «Салқын жылынады, ыстық салқындайды» Табиғат ешқашанда күйремейді және пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтан тұрады. Дүние ағып жатқан ӛзен секілді, ол сол сияқты ешқашанда қайталанбайды. Құбылыстардың екі жағы болады. Бір құбылыс біреуге жақсы болса, енді біреуге жаман болуы мүмкін. Мәселен, жаңбыр кӛктемде жақсы, ал күзде жаман дейміз. Кедей бай болады, бай кедей болады. Құбылыстардың екі жағы бірбірімен ауысып отырады. Бұдан Гераклиттің диалектикасын кӛруге болады. Дүниенің бәрі бір-біріне байланысты, бір- біріне тәуелді және бір- біріне ауысып отырады.