Ертегі терапиясы



Дата22.05.2022
өлшемі16,42 Kb.
#35323
Байланысты:
ертегі


Ертегі терапиясы

Нұсқау: Оқушыларға қуыршақ жасау үшін түрлі материалдар: мата, қағаз, қайшы, клей түрлі әшекей бұйымдар ұсынылды. Оқушылар осы бұйымдар бойынша өздеріне ұнайтын қуыршақ бейнесін жасайды. Қуыршақ дайын болған соң, әрбір оқушы шығып, осы қуыршақ бейнесіне байланысты рольге кіріп, ертегі айтуы керек.


Ертегі терапиясы- бұл ертегідегі метафоралық ресурстарды қолдана отырып, өзіндік сана- сезімін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсартуға, ерекше сенімділікті орнатуға, айналасындағылармен тығыз қарым- қатынас орнатуға, көптеген қорқыныштан арылуға көмектеседі.
Ертегі терапиясы сөзбе- сөз " ертегі арқылы емдеу" дегенді білдіреді. Балаға уақытында айтылатын әңгіме ересек адамға психологиялық кеңес беру сиақты маңызды.
Ертегілер қалай жұмыс жасайды?
Ертегі өз тәжірибеңізді басқасына ауыстырудың және керісінші, өз сезімдеріңізді басқалар арқылы білудің қол жетімді тәсілдерінің бірі. Сондықтан балалар ертегіні қабылдай отырып, біріншіден, өздерін ертегі кейіпкерімен салыстырады және бұл олардың проблемаларда жалғыз өздері емес екендерін сезіндіруге мүмкіндік береді.
Ертегі терапиясының негізгі әдістері:
- ертегі айтып беру
- ертегі суретін салу
- ертегі терапиясының диагностикасы
- ертегі құрастыру
- қуыршақ жасау.
Ертегі терапиясы балалардың жеке проблемалары бойынша ертегілерді құрастырады:
1) қараңғыдан қорқатын, медициналық кабинеттен қорқатын балаларға арналған ертегілер;
2) гиперактивті балаларға арналған ертегілер;
3) агрессивті балаларға арналған ертегілер;
4) физикалық көріністері бар жүріс- тұрысы бұзылған балаларға арналған ертегілер;
5) отбасылық қатынастар проблемаларына тап болған балаларға арналған ертегілер.
Ертегі терапия- бұл біздің еліміз үшін жад дүние емес. Еліміздің болашағы нәресте кезінен бесік жырын тыңдап, ересек кезге келген кезінде фольклордын түрлерін ана, әжелерінен естіп, адами құндылыққа үйренген.
Бұл ертегі терапиясы балалалардың ертегі әлеміне ене отырып, сол сомдаған кейіпкерлердің қиыншылықтарын жеңе отырып,өзіне деген сенімділікті арттырады. Ертегі терапиясы багыты бойынша балалар жақсы мен пен жаманды ажыратуға, мінездерін өзгертуге, қандай қиыншылықтар кездескенімен соңында барлығын жеңуге болатынынына сенімділігін арттырады. Бұл баланың санасы өздігімен қарсы нәрсеге айтарлықтай күш беруі мүмкін деген тәсілді ұсынады. Күнделікте балалы үйде үлкенге құрмет көрсету,адамгершілік қасиетті жоғалтпай, кішіге ізет көрсетіп, адал еңбек ету керек екенін айтып отырылады. Мұны естіп, тыңдап өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз қолдан келгенше жасауға тырысады. Өйткені, ол сабакты жаксы окымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудін акыры немен аяқталарын білмейді. Ертегі терапияның бірден бірі ол болашақ туралы көптеген сұрақтарга жауап береді. Ертегінің соңында балалар өздері болашаққа деген сұрақтарына жауап алатындай болады.
Мысалы З.Фрейд өзінің еңбегінде ертегідегі үнемі жуынып жүретін марғау бейнесі, баланы ұқыптылыққа, тазалыққа үйретеді. Бұл көріністер баланы жаман кері нәрселерден алшақ болуды көрсетеді. Мұғалім бұл терапияны 2 бағыт бойынша жүргізуге болады:
Бірінші - айта отырып, баяндауға болады,
Екінші - рольдік қойылым арқылы жүзеге асыруға болады.
Мысалы, «Шалқан» ертегі бойынша шал мен кемпір келіп тартқанымен, шалқанды тарта алмады.Қыздарын,итін,мысығын шақырғанымен жерден ала алмады. Соңында тышқан келіп көмектескенінде ғана шалқан суырылып шықты. Бұл ертегіде бір отбасы әрқашан ауызбіршілікте болу керек екенін айқындап көрсетіп тұр. Ертегілеріміз - балаларды тәрбиелеуге бауласа, ал ертегі терапия ол , сол тәрбиенің күшімен балаларды дұрыс бетке қарай ой түзету, олардың адамгершілік қасиеттерін ояту. Мысалға Ер Төстік атты ертегіде бүлдіршіндер достықтың үлгісін көрсетеді. Ер Төстікке көмек көрсеткен Көлтауысар мен Желаяқтың тек достықты ғана көрсете қоймай, балалардың тапқырлығын оятады. Көбінесе ертегіні анасы немесе іжелері айтып жатады. Осы ертегіде балакайларымыз дос деген мағынаны терең ұғынады.
Бұл терапияның бір ұтатын тұсы-баланың тілімен түсіндірілуінде, балалардың ойлауына қарай оқиғалар құрылады. Балалар ертегі тындай отырып,өздеріне көптеген керек дүниелерді алады. Осы ертегелірдің ісерінен достыққа адал, әрқашан қамқор, отбасымен әрқашан ауызбіршілікте болуға үлкен үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет