1.8 Бөлшектерді өңдеудің технологиялық бағытының әзірлемесі
Келесі талаптарды есепке ала отырып, хронологиялық қатарда бөлшектің өңделуінің технологиялық ауысымын жазамыз:
–әрбір келесі ауысым өңделуші беттің кемшілігін азайтып, сапасын жақсартуы керек;
–бірінші кезкте келесі ауысымдарда технологиялық база ретінде қолданылатын беттер өңделуі тиіс;
–бір станокта өлшемсіз құралмен алдыңғы және түбегейлі өңдеуді біріктіру ұсынылмайды;
–тез ақауланатын беттерді өңдеу техпроцестің соңында орындалуы тиіс.
«503А–8603512–02 корпусының » бөлшектерін өңдеудегі ауысымдардың қатарын құрайық:
1. Ішкі цилиндрлік беттің қысқа бөлігін бір уақытта өңдеумен ортасын және басын кесу;
2. Дайындалған заттың сыртқы цилиндрлік бетінің алғашқы жонылуы;
3. Дайындалған заттың сыртқы цилиндрлік бетінің түбегейлі жонылуы;
4. Цапфаның астындағы жоғарғы есікті циклдеу;
5. Цапфаның астындағы төменгі тесікті циклдеу;
6. Дәнекерлеу
7. Ішкі цилиндрлік беттерді арғы жағына өткізіп тесу;
8. Ішкі цилиндрлік бетті арғы жағына өткізіп тескеннен кейінгі ажырату;
9. М140х1,5 бұрандасын кесу;
10. Деңгейлі тесікті тесу;
11.Бір жиекті жоңғылау;
12. Екінші жиекті жоңғылау;
13. Үшінші жиекті жоңғылау;
14. Төртінші жиекті жоңғылау;
15. Фаскаларды жоңғылау;
16. КГ3/4" астындағы тесікті дәнекерлеу;
17. КГ3/4" астындағы тесікті шешу;
18. Фаскаларды циклдеу;
19. КГ3/4" бұрандасын кесу;
Қосымша жабдықтарды таңдаймыз:
–орталары мен бастарын кесу үшін орталық кескішті таңдаймыз ;
–дайындалғаан затты жону үшін сыртқы цилиндрлік бет бойынша ткарьлық-винткескішті таңдаймыз;
–өткізіп тесу үшін, бұранданы кесу және ішкі тесіктерін ажырату үшін ЧПУ-сы бар токарьлі станокты таңдаймыз;
–жиектерді жону үшін және деңгейлі тесіктерді тесу үшін ЧПУ-сы бар токарьлі станокті таңдаумыз;
–КГ3/4" тесігін өңдеу үшін–ЧПУ-сы бар көлбеу бұрғылайтын станок;
Жалпы белгілері бойынша (бірдей жабдықтар, базалау сызбалары, кескіш құралдар және т.б.) операцияда ауысымдарды біріктіреміз. Келесі операцияларды бөліп көрсетеміз:
1. 005 операциясы–орталықты кескіш (1–ауысым).
2. 010 операциясы–ЧПУ-сы бар токарьлық (2–3–ауысымдар).
3. 015 операциясы–көлбеу бұрғылаушы (4–5–ауысымдар).
3. 020 операциясы–дәнекерлеу (6-ауысым).
4. 025 операциясы–ЧПУ бар токарьлық (7–9–ауысымдар).
5. 030 операциясы– токарная с ЧПУ бар токарьлық (10–15–ауысымдар).
6. 035 операциясы–ЧПУ бар бұрғылау (16–19–ауысымдар).
7. 040 операциясы–слесарьлық.
8. 045 операциясы–бақылаушы.
Осы барлық мәліметтерді WinApm бағдарламасына «Технология» енгіземіз және А қосымшасында берілген бағыттық картада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |