1 Бөлшектерді дайындаудың технологиялык процесінің әзірлемесі


Алдын-ала дайындап алу әдісін таңдау



бет5/13
Дата14.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#25467
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1.4 Алдын-ала дайындап алу әдісін таңдау
Алдын–ала дайындап алу әдісін таңдау және оның сапасы мен дәлдігі технологиялық процесінің жұмыс жүрістерінің (операцияларының) санын өз кезегінде орнататын механикалық өңдеу көлемін анықтайды.

1.5 Бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесінің негізгі нұсқасының сараптамасы
Берілген затты дайындаудың негізгі техпроцесінің сынамалы сараптамасы оның кемшіліктерн табу мақсатында жүргізіледі, бұл жаңа мәліметтерге сәйкес әсерлі техпроцессті жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Негізгі техпроцестегі кесу арқылы өңдеудің әрбір әдісі бөлшектің алынған беттің талап етілген жағдайына және дәлдігіне, сапасына және қалпына сәйкес.

Әрбір бетті өңдеу әдістерінің құрамы бөлшектердің дәлдік деңгейлеріне дейін дайындау дәлдіктерінің өлшемдерінің талап етілген коэффициентіне сәйкес.

Өңдеу әдістерінің өнімділігі толығымен қоматы сериалды өндіріске сәйкес. Әр операцияда бір ғана станок іске қосылғандығы туралы техпроцесте қабылданған жабдықтарды және кесу режимінің арнайы таңдау әдісі жеткілікті өнімді екендігін куәландырады.

Диаметриальды өлшемдерді ұстап тұру кезіндегі барлық жағдайларында негіздердің бірлігі принципі сақталады. Кейбір сызықтық өлшемдерді ұстап тұру кезіндегі негіздер бірлігі принципі сақталмайды. Бұл көптеген сызықтық өлшемдері құралдарды дұрыстау кезінде алынатындығымен түсіндіріледі.

Бірінші операцияларда технологиялық негіздер ретінде құбырдың төбесі мен цилиндрдіңң беті қолданылады. Мұндай технологиялқ негіздер жинағы келесі механикалық өңдеу үшін таза негіздерді дайындау ға мүмкіндік береді.

Негізгі техпроцестің технологиялық бағыты толығымен жеке беттердің дәлдігінің біртіндеп қалыптастыру мен олардың өзара орналасу және де технологиялық негіздерді дайындаудың хронологиялық катары мен ең көп қысу мен жіберу жүргізілетін ауысулардың бірінші кезекте орындалу принциптеріне сәйкес келеді.

Жабдықтардың техникалық мінездемелерінің бағасы 010, 055 токарьлық–винткескіш станоктардағы операцияларда қолданылғандардан басқа өндіріс типті және орта сериалы типке сәйкес емес 040 көлбеу бұрғылайтын өңдеу талап етілген дәлдікпен жасалған заттың үлкендігі мен қиындығы сәйкес келеді.

Станокті жабдықтар берілген өндірістің типіне сәйкес келеді. Басты техпроцесте негізінен анықталмаған арнайы және мамандандырылған жабдықтар қолданылады.

Кескіш және қосымша құралдар конструкциясы толығымен жалпы типті өндіріске сәйкес келеді. Басты техпроцесте негізінен арнайы құрал, сонымен қатар бір жұмыс жүрісінде максимальді беттерді өңдеп, қалыптүзуші қозғалыс жинағын қысқартуға мүмкіндік беретін көптеген құралдар қолданылады. Арнайы қосымша құралды қолданудың арқасында кесуші құралдың қолданылуы мен ауысуының уақыты қысқартады.

Бақылау жабдығы да өндіріс типіне сәйкес. Басты техпроцесте бақылау уақытын қысқартатын арнайы бақылау жабдықтары қолданылады. Бақылау жабдықтарының дәлдігі бақыланған өлшемдер дәлдігіне сәйкес келеді.

Басты техпроцесті жақсартудың мүмкін жолдары:

–құрылғылардың санын қысқартатын орталық кесу операциясын 005 токарьлі операциясының орнына енгізу;

–030,035,045 токарьлі операцияларын ЧПУ-мен бірге бір токарьлі операцияға біріктіру;

–030 және 055 токарьлық операцияларын (тесіктің деңгейлі бөлігін) ЧПУ–мен бірге бір токарьлі операцияға біріктіру;

–055 операциясында 2Н135 көлбеу бұрғылайтын станокті ЧПУ–мен бірге 2Р135Ф2 бұрғылау станоктеріне ауыстыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет