1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


түкпірінде отыратын шағы»



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

түкпірінде отыратын шағы».
Біз бір нәрсені ұғынып алуымыз керек, құлшылықтың табиғаты –намаз немесе зікір секілді біз
жасайтын қандай да бір іс-әрекеттер ғана емес. Бұл, сондай-ақ, Алла разылығы үшін белгілі
бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту болуы да мүмкін. Мәселен, таң намазының парызын
оқығаннан кейін басқа намаз оқымаған абзал, сондықтан, Алланың әміріне бойсұнып, сол
уақытта намаз оқудан бас тарту да - құлшылық.
Дәл сол сияқты, ешкімге өзін көрсетіп, еліктіргісі келмейтін, еріксіз фитнаға себепкер болғысы
келмейтін, ғаламторда өзінің суреттерін дүйім жұрт көре алатындай жариялап, ар-ұятына дақ
түсірмейтін мұсылман әйел де - Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) разылығына ең жақын әйел.
Біздің заманымыздың ата-бабаларымыздың заманынан тағы бір ерекшелігі – қазіргі кезде
әйелдердің үйлерінде өткізетін бос уақыттары өте көп. Олар немен айналысуды білмей,
зерігудің нәтижесінде көшеге шығады.
Ата-ананың міндеті – қыздарын үй шаруасынан, тұрмыс қамынан қол үздірмей, оларға Құранды
үйретіп және дін бойынша бастапқы білім беріп тәрбиелеу. Балалық шақ пен жастық шақ,
яғни, балалары кішкентай кезде ата-аналарының жіберген қателіктері ─ басқасын былай
қойып, дінді ұстанатын мұсылман қыз-келіншектердің, тіпті үйде отыру керектігін және солай
дұрыс болатынын саналы түрде түсінетін әйелдердің өзінің үнемі үйде отыруды қиын көруіне
бірден-бір себеп. Басқалар туралы айтпасақ та болатын шығар. Себебі, олардың мектеп
қабырғасындағы жылдары көшеде, шуылдаған адамдардың арасында, ұл-қыздармен аралас-
құралас ойнаумен өтті емес пе, қала берді, кейбір әйелдер студенттік жылдарын да солай
өткізді. Содан соң кенеттен «қамаудағы өмір» басталады. Бұл аса діндар деген адамның өзіне
өте қиын соғады.


11
Сол себепті де, ата-ананың ең маңызды міндеті – қыздарын үйде отыруға үйрету, қыз балаға
үйі мен отбасы жеткілікті болуы тиіс. 
Ең дұрысын Алла біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет