Менің денсаулығым және экология



Дата06.01.2022
өлшемі16,36 Kb.
#12842
Байланысты:
денсаулық және экология


19.03.2020

Менің денсаулығым және экология

Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты. Бірақ денсаулықтың нағыз анықтамасы қандай екені осы шығарма бойынша түсіндіріледі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме. Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Енді қалған 20%-да түрлі созылмалы сырқаттар бар. Бұл кісілердің жалпы денсаулығын қалпына келтіру оңай емес, бірақ сол аурулардың асқынуының алдын алуымыз керек. Бір ауру екінші ауруға өтіп кетпеуі керек. Тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет.

Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Мектеп жасына келгенде бала ойнайды, яғни дене қимылы мол болғандықтан, олардың да тамағында өзгерістер болады. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін, мысалы, отырып жұмыс істеутін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады.

Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады.

Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.

Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.
Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

Қала және адамның денсаулығы. Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейін өсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі 29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүние жүзінде халқының саны 1 млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар 48 қала болған. Бірақ урбанизация (латын тілінен аударғанда urbanus - қалалық) процесі тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялықтабиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.



Қазіргі кездегі қала — күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ, қала өркениеті — қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері — тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.

Мәдениеттану мамандығының 1 курс магистранты

Сеңгербекова Мадина

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет