1 Цикл уроков: Әйелдер жайлы қырық хадис


намысын қорғауды, құқықтарын сақтауды, сондай-ақ, «(һижра) жұртын [Мәдина



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата27.09.2023
өлшемі243,74 Kb.
#110892
түріУрок
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
✨Әйелдер жайлы 40 хадис

намысын қорғауды, құқықтарын сақтауды, сондай-ақ, «(һижра) жұртын [Мәдина
қаласын] және иманды тұрақ тұтқан» («Әл-Хашр» сүресі, 9-шы аят) аңсарларға
жақсылықтарына жақсылықпен жауап беруді өсиет етемін, олардың игі амалдары
қабыл болуы үшін және күнәлары кешірілуі үшін. Сендерге Алла мен Оның
Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті орындалуы үшін
Олардың алдындағы міндеттеріңді [орындауды], олардың артында шайқасуды
және олардың мойнына қолдарынан келетіннен артық жүкті артпауды өсиет
етемін»».
Біздің қозғап отырған тақырыбымызға хадистің бірінші бөлігі ғана қатысты болса да, оның
рухани күші орасан зор болғандықтан, адамзаттың ең ізгі буынының өнегелігі жүректерімізді
тебірентсін деген мақсатта хадисті түгелдей келтіруді жөн көрдік.
Біздің ұстазымыз мүфти Ибраһим Десаи, оның берекеті сарқылмасын, «Бұхари Шариф»
бойынша дәрістерінде Омардың (Алла оған разы болсын) Аишадан (Алла оған разы болсын) екі
рет рұқсат сұратқанын айтқан. Себебі, ол өзі сондай мәртебеге лайық болғандықтан емес,
халиф болғандықтан ғана Аиша (Алла оған разы болсын) оған рұқсат етті деп ойлаған. Сол
себепті, ол өзі дүние салғаннан кейін Аишадан [тағы бір рет] сұрауды әмір еткен, бірақ, сол
өтініштерінің бірде-бірінде өзін «мұсылмандардың әміршісі» деп таныстыруды өтінбеген. Оған
қоса, ол бұл өтінішін өзі барып айтар болса, Аиша (Алла оған разы болсын) оның бетін
қайтаруға ыңғайсызданады деген оймен рұқсатты өзі барып сұрамаған.
Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» былай жазады:
نﺎﻛو ، ﻖﺣ ﻪﻴﻓ ﺎﻬﻟ نﺎﻛو ، ﺎﻬﺘﻴﺑ نﺎﻛ ﻊﺿﻮﻤﻟا نﻷ ﺮﻤﻋ ﺎﻬﻧذﺄﺘﺳا ﺎﻤﻧإ : لﺎﻄﺑ ﻦﺑا لﺎﻗ.
ﻓ ﻦﻴﺤﻟﺎﺼﻟا ةروﺎﺠﻣ ﻠﻋ صﺮﺤﻟا ﻪﻴﻓو . ﺮﻤﻋ تﺮﺛﺂﻓ ، ﺎﻬﺴﻔﻧ ﻠﻋ ﻪﺑ ﺮﺛﺆﺗ نأ ﺎﻬﻟ
ﻞﻫأ ﻦﻣ ﻢﻫروﺰﻳ ﻦﻣ ءﺎﻋد ﻓو ، ﻢﻬﻴﻠﻋ ﺖﻟﺰﻧ اذإ ﺔﻤﺣﺮﻟا ﺔﺑﺎﺻإ ﻓ ﺎﻌﻤﻃ رﻮﺒﻘﻟا
ﺮﻴﺨﻟا
«Ибн Баттал былай деген:«Омардың одан рұқсат сұраған себебі – ол жер Аишаның үйі болатын
және ол сол жерге құқылы болатын, сондықтан, Аиша ол жерді өзіне таңдап алса да болар еді,
бірақ, ол оны Омарға берді. Сондай-ақ, бұл хадисте мазарда жатқан ізгі жандарға жіберілетін
рақымға қол жеткізу мақсатымен және оларды зиярат ететін жақсы адамдардың дұғасынан
үміт етіп, ізгілердің жанына жерленуге ұмтылудың жақсы екені көрсетілген»».
Мұсылмандардың анасы Аиша (Алла оған разы болсын) бүкіл үмметке таңғажайып өнеге
көрсетті – әл-исар, яғни, қандай да бір игілікке өзге біреу лайығырақ деген сеніммен оны соған
беру. Ізгі ата-бабаларымыздың барлығы сондай: егер басқа біреу пәтуа бере алатын және
сұрақтарға жауап бере алатын болса, олар сол міндетті орындайды деген үмітпен шешім
шығару құқығын сол адамға табыстайтын.
Біздің ұстазымыз мүфти Ибраһим Десаи, оның берекеті сарқылмасын, Пайғамбардың (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мешітін кеңейту кезінде Аишаның үйінің қабырғасы


25
құлатылғанда мазарлардың бірі кездейсоқ ашылып кетіп, адамның табаны көрініп
қалғандығын айтқан. Барлығы оны Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
табаны деп ойлап, қорқып кеткен. Бірақ, сахабалардың бірі оның Омардың (Алла оған разы
болсын) табаны екенін таныған. Аишаның өзі жерленуі керек болған, бірақ, оның Омарға
берген жері сол болатын.
Содан соң мүфти былай деген: «Әйелдің табиғаты сонда – барлық көздерден тасада болу, қала
берді, өзінің объективті артықшылықтары мен еңбектерінде де. Әне, сонда ол Алланың
разылығына және жәрдеміне қол жеткізеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет